Жеңімпаз біреу

07.12.2017

Өткен жексенбіде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінің алаңшасында Тұңғыш Президент Күніне және «Богатырь» кенішінің құрылған Күніне арналған шағын-футбол мен волейбол бойынша жарыс өтті.

Ең күшті команда атағын және жеңімпаздар кубогын алу үшін қазу жұмыстары учаскесінің құрамасы мен «Богатырь» кеніші аршу және үйінді жұмыстарының біріктірілген жасағы ойнады. Турнир дәстүр бойынша командалардың сәлемдесулерімен басталды. «Богатырь Көмір» компаниясы әкімшілігінің және кеніш басшылығының атынан спорттық іс-шараға қатысушыларды атаулы күндермен «Богатырь» кеніші директорының орынбасары - аршу кешенінің бастығы Серік Сәттаров құттықтады. 

   Турнир бағдарламасының жарыстық бөлігі кеніштің футбол жасақтарының жарысымен басталды. Жолдастық сипаттағы кездесуге қарамастан ойын шындап көріністі болды. Жарыстың бірінші минутынан бастап бастаманы жылдам гол соғуға әрекеттенген қазу жұмыстары учаскесінің құрамасы алды.  Бірақ аршу және үйінді жұмыстары учаскесінің қорғаныстағы сауатты және епті құрылған ойыны оларға мүмкіндік бермеді. Сонымен қатар, олар қарсыластардың шабуылды қысымын тоқтата отырып қарсы шабуылға шықты және алға ұмтылу серияларын өткізді. Бір кездейсоқта доп «тоғыздыққа» ұшып кіре жаздады. Ақырында аршу және үйінді жұмыстары учаскесі командасының комбинациялық ойыны заңды және сонымен қатар күлкілі голға жеткізді. Доптың кенеттен торға келіп түсуі қарсыластың қақпашысы үшін күтпеген жағдай болды.  Аршу және үйінді жұмыстары учаскесінің командасы қол жеткізген табысты дамыта отырып есептегі ойын басымдығын бекітуге тырысты. «Біреуге екеу» шығысы оларға екінші гол әкелді. Қазу жұмыстары учаскесінің командасы жауапты күттірмеді. Соққы шеберлікпен орындалды және есеп 2:1 болды. Ойынның өзгерісті кезеңі болғандай болды. Бірақ шабуыл қызуында қазу жұмыстары учаскесі командасының ойыншылары өз қақпаларын қорғауды ұмытып кеткен, сол қателіктері үшін жазаларын алды. Шабуылшы қарсыластан тайқып кеткен доп қақпаға кірерде қақпашының соғып жіберу әрекеті, сосын оның штангіден кері серпілісі қақпаға доптың опасыз түрде ұшып кіруіне соқтырды.   Аршу және үйінді жұмыстары учаскесі командасының барлық кездесу үшін көрнекі, төртінші гол соғуынан кейін ойынның шешімі шықты. Қазу жұмыстары учаскесі командасының қорғану желісіндегі кезекті сәтсіздігі мен ойыншының шығыста ойнауға жасаған әрекеті даусыз голдан құтқара алмады. Кездесудің қорытынды есебі: «4:1» аршу және үйінді жұмыстары учаскесі командасының ойындағы артықшылығы мен сөзсіз жеңісін көрсетті.   

Қазу жұмыстары учаскесі командасының шабуылшыларына жақын ара қашықтықтан күшті соққы берген аршу және үйінді жұмыстары учаскесі командасының қақпашысы Владимир Якобидің жанкештілік ойыны жекеленген және нағыз мақтау сөздеріне лайық.

   Бағдарламаның шағын үзілісінен соң ойын күнін «Богатырь» кенішінің волейбол командаларының кездесулері жалғастырды. Өткен футбол ойынындағы сияқты волейболшылардың жекпе-жектері шиеленіскен және қызықты болды. Кездесу барысында командалар кезек-кезек алға ұмтылысты. Қазу жұмыстары учаскесі командасының футбол жарысында ауыр жеңіліске ұшырағандары үшін зор ықыластарына қарамастан бұл күнгі жеңісті тағы да аршу және үйінді жұмыстары учаскесінің командасы алды.

Олар ауыспалы кубок пен турнир жеңімпаздарының дипломдарына, сондай-ақ «Богатырь Көмір» серіктестігі басшылығының ақшалай сыйақысына ие болды. Компания әкімшілігі «Богатырь» кенішінің аршу жұмыстары учаскесінің жасағын да қатысқандары үшін дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен көтермеледі.

   Тұңғыш Президент Күніне және «Богатырь» кенішінің құрылған Күніне арналып үшінші рет өткізіліп отырған жарыс дәстүрге айналғанын және «Богатырь Көмір» компаниясының спорттық іс-шаралар күнтізбесіне енгізілгенін ескере кеткен жөн.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Жаңалықтар тізіміне оралу