Сенімділік берген «Күміс»

06.12.2017

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің футбол бойынша құрамасы дене тәрбиесі ұжымының әуесқой қомандаларының арасында Павлодар облысы чемпионатының күміс жүлдегері атанды.  

   Турнирдің жоғары мәртебесі мен богатырлықтардың жеңіп алған күміс медальдарының құныдылығын облыстық футбол федерациясымен өткізілген біріншілікке өңіріміздің 12 күшті команданың қатысуы растайды. Екі шеңберден өткен жарыс мамыр айында басталды. Барлық турнир бойы «Богатырь» командасы үнемі көшбасшылар үштігінде болды. Чемпион мәселесі бірінші орынға үміт ететін команданың ақырғы кездесуінде шешілді. Жарыстың қорытынды кестесінде бірінші орынды жеңіп алу үшін біздің жерлестерімізге бір ғана ұпай жетіспеді. Соған қарамастан өткен чемпионат біздің жас және келешегі бар командамызға орасан күш-қуат берді.

   Өткен жұмада былғары доп шеберлеріне құрметті екінші орын үшін лайықты сыйлықтар салтанатты түрде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорт-сауықтыру кешенінің үлкен залында берілді. Кәсіпорын әкімшілігінің атынан «Богатырь» біріктірілген командасын жетістіктерімен жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Нұрлан Мукулов құттықтады, «Богатырь Көмір» кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайролла Тұратаев ойыншыларға жаңа табыстар тіледі. «Богатырь» құрамасының өкілі Александр Петров өз кезегінде компания басшылығын командаға көрсеткен қаржылық және рухани, сондай-ақ ұйымдастырушылық қолдаулары үшін алғысын білдірді.

   Облыс чемпионаты жүлдегерлеріне салтанатты құрмет көрсетудің шарықтауы шегі марапатату рәсімі болды. Ойыншыларға Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының грамотасы мен күміс медальдарды жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Нұрлан Мукулов пен «Богатырь Көмір» кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайролла Тұратаев берді. «Турнирдің үздік қорғаушысы» номинациясы бойынша жеке грамотамен және естелік мүсіншемен Руслан Шишкин марапатталды. Туған командасының табысты өнер көрсетуін «Богатырь Көмір» ЖШС-нің басшылығы да назардан тыс қалдырмады, «Богатырь» біріктірілген футбол жасағына 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.


Жаңалықтар тізіміне оралу