Мерзімінен бұрын пайдалануға берілді

16.11.2017

«Богатырь Көмір» компаниясында 2009 жылы басталған СРс(К) – 2000 маркалы роторлық экскаваторларды жаңарту бағдарламасы аяқталды. Техникалық қайта жабдықтау үдерісіне қатысқан жөндеуші-мамандар және №2147 экскаватор бригадасы ақырғы бесінші кезектегі тау-кен қазу машинасын мерзімінен бұрын өткен жұмада пайдалануға тапсырды.  «Богатырь» кенішінде әр жылдарда техникалық қайта жабдықтау үдерісінен №№ 1143, 1144, 1145, 1146 роторлық экскаваторлар өткен.

   №2147 роторлық экскаваторын ресми тапсыру тәртібінен бұрын сынақтық жіберіс жүргізілді және жұмыстағы барлық механизмдер мен тораптар тексерілді. Сосын бұрынғы дәстүрге сәйкес «Богатырь» кенішінің №2 қазу жұмыстары учаскесінің электрмеханигі Игорь Игнатов пен СРс(К) - 2000 № 2147 роторлық экскаватордың бригадирі Андрей Пешков лентаға байланған шампан шөлмегін роторлық дөңгелекке соғып сындырды.

   Бүгінгі күні СРс(К) – 2000 роторлық экскаваторы «Богатырь» кенішінде ең күшті тау-кен қазушы машина болып табылатындығын ескере кеткеніміз жөн. Оның биіктігі шамамен 45 метрді құрайды, ал салмағы 2 тоннадан асады. СРс(К) – 2000 экскаваторы өзінің айналып тұратын роторының көмегімен сағатына 4500 тонна көмірді шығаруға қабілетті. Компания мамандарының есебі бойынша СРс(К) – 2000 № 2147 роторлық экскаваторды жаңарту аясында орындалған фазалық роторы бар генераторлар мен электрқозғалтқыштарды жиілік түрлендіргішке ауыстыру машинаға техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындарды барынша төмендетеді. Сонымен қатар жүргізілген жаңарту электрлік және механикалық жабдықтардың тоқтауларын төмендету есебінен экскаватордың техникалық дайындық коэффициентін ұлғайтады.

   Он айлық жұмысты «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жөндеу жөніндегі директоры Владимир Кочерга қорытындылады:

- Бүгін біз СРс(К)-2000 роторлық экскаваторын жаңарту бойынша ұзақ мерзімді бағдарламаны аяқтап отырмыз. Компания оны толықтай іске асыру үшін қомақты қаражат жұмсады. СРс(К) - 2000 № 2147 экскаваторының техникалық жаңартуына ғана 3 млрд. теңге жіберілгенін айта кеткен жөн. Жүргізілген жаңарту мен күрделі жөндеу машинаның сенімділігін айтарлықтай көтерді. Сонымен қатар, қызметкерлердің жұмыс істеулері үшін жағдай жақсартылды. Машина аппаратына климат-бақылау ауа баптағышы орнатылды. Жабдықтардың жұмысын автоматты бақылау жүйесі кеншілердің еңбектерін едәуір жеңілдетті. Жаңарту барысында келесі толықтай ауыстырулар жүргізілді: электржабдықтар, кабельді өнім, конвейер жетектері, роторлық дөңгелек, басқарудың заманауи жүйесі мен машинистерге жаңа кабиналар орнатылды. Сондай-ақ машинаның жүріс бөлігіне күрделі жөндеу жүргізілді. Жаңарту экскаватордың қызмет ету мерзімін тағы 10 жылға созуға мүмкіндік берді, яғни енгізілген сәтке және  2027 жылы циклді-толассыз технологияны жібергенге дейін. Әсіресе ТКЖЖ зауыты ұжымының, №2147 экскаватор бригадасының, «Богатырь» кенішінің, күрделі құрылыс жөніндегі дирекцияның, бас энергетик қызметінің, мердігер ұйымдардың қосқан үлестерін атап өткім келеді. Олардың біріккен және жөнге салынған жұмыстарының арқасында біз СРс(К) - 2000 № 2147 экскаваторын жаңартуды мерзімінен бұрын аяқтадық.  

     Жүргізілген жаңартуға СРс(К) - 2000 № 2147 роторлық экскаватордың бригадирі Андрей Пешковта өз бағасын берді:

- Бұл экскаваторда мен 1989 жылдан бастап жұмыс істеймін. Әскери қызметті аяқтаған соң машинист көмекшісі болып бастадым, енді міне 15 жылға жуық машинист болып еңбек етудемін. Біздің экскаваторды жаңартуға басынан бастап қатыстым, сондықтан да адал жұмыс істелінді деп айта аламын. Бригада бәрін мұқият және сапалы түрде орындауға тырысты. Біреуге бірдеңе түсіндіру қажеттілігі туындамады. Біздің осы машинамен жұмыс істеуіміз керектігін бәрі түсінді. Жаңартылған машинада жұмыс істеу қызықты болады деп ойлаймын. Жөндеу үдерісінде біз жаңа жабдықтың жұмыс істеу қағидасын зерттедік, бұдан әрі онымен жете танысатын боламыз. Бұл үшін бізде уақыт жеткілікті. Жалпы айтқанда жігіттердің көңіл-күйлері көтеріңкі. Жаңартуға байланысты үзілістен кейін олардың барлығы жұмыстың басталуын шыдамсыздықпен күтуде.

   Сондай-ақ «Богатырь Көмір» ЖШС-да жүзеге асырылған СРс(К) – 2000 роторлық экскаваторын жағарту бағдарламасы осындай маркалы жаңа экскаватор сатып алу мүмкіндігін болдырмады. Мамандардың пікірінше бір ғана осындай тау-кен қазушы машинаны сатып алу құны бүгінгі күні әлемдік нарықта 55 млн.евроны құрап отыр.

Қанат АЛДАБАЕВ                                                                                                                      Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК. 

Жаңалықтар тізіміне оралу