Еңбек күні

21.09.2017

Әке жолын жалғастыра

Міне осымен отыз алты жыл көмір саласында роторлы эксковатор машинисті болып қызмет атқарып жүрген  Сергей Александрович Григорьев «Богатырь Көмір» ЖШС-індегі  аты шыққан еңбек әулеттерінің бірі болып табылады.  Бұл еңбек жолы сонау 50-ші жылдарда әкесі Александр Николаевич Григорьев  Көкшетау облысынан Екібастұз қаласына көшіп келгенде басталған. Тау – кен маманы атанып, жас маман ретінде «Центральный» кенішіне жұмысқа орналасты. Александр Николаевичтің еңбек жолы өзі сияқты жүз замандастарының өмірбаянына ұқсас. Бірінші  жұмыс маманы – төменшік, төменшік міндеттері тау-кен машинасына техникалық қызмет көрсету болып табылады. Болашағынан үміт күттірген маманның кәсіби шыңдалуы оқуымен қатар жүрді. Жоғары оқу орнын тәмамдағаннан соң Александр Николаевичті мастер қылып тағайындады. Біраз уақыт өткен соң дренаж шахтасының бастығы,  кейін «Центральный» кенішінің директорының орынбасары болды.

Кейінгі жылдарда еңбегі сіңген демалысқа шығар алдында «Экибастузуголь» өндірістік бірлестікте бас кенші лауазымында қызмет атқарды.

Әкесінің сара жолын үлгі тұтқан ұлдары да  өз мамандықтарын таңдады. Үлкен ұлы Игорь кеніште машинист көмекшісі болып жұмыс атқарды, қазір ол Ресейде тұрады. Әкесінің ісін кіші ұлы Сергей Александрович жалғастыруда. Александр Николаевич секілді көмір кенішіне Сергей Александрович те тау-кен техникумын «тау-кен электромеханик» мамандығы бойынша бітіріп келді. «Богатырь» кенішінде роторлы эксковатор машинистінің   көмекшісі ретінде бастады. Мамандығында өзінің бірінші ұстазым деп Борис Гудыменконы айтады. 1982 жылы Сергей әскерге шақырту алып, екі жыл Отан алдындағы борышын адал атқарып, кәсіпорынға қайта оралды.  «Степной» кенішіне №3611 шөмішті эксковатор машинистінің көмекшісі болып  жұмысқа орналасты.  – Көбінесе біз аршу мен үйінділерде жұмыс жасадық, - деп Сергей Александрович баяндайды – ұзақ уақыт мен техникалық бақылау бөлімінде сынама алушы машинасында жұмыс жасадым. Бірақ, 1995 жылы «Богатырь» кенішіне роторлы эксковатор машинистінің көмекшісі болып қайта оралдым, кейін машинист болдым.    № 1106 роторлы эксковаторымыздың орнын «Северный» кенішіне ауыстырғаннан соң, бригаданы №1105 машинасына ауыстырды. Міне сол машинада күні бүгінге дейін жұмыс жасаймын. Григорьевтер әулетін күні бүгін Евгений ұлы жалғастыруда. Евгений ТКЖЖ зауытында электрслесар болып жұмыс істейді.  

- Зауытта оны жұмысқа деген кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін сыйлайды, - деп Сергей Александрович мақтанышпен айтып отыр – мен оны ылғи өз жұмысыңды адал атқар деп үйреткенмін, дәл осындай кеңесті барша жас кеншілерге айтамын – дейді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Фото Олега МАЛЬЧУКА.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу