Отбасының міндеті болды

21.09.2017

Кеншілер қаласы Екібастұзда кәсіп таңдауда әкелерінің жолын қуу дәстүрге айналды және оның тамыры тереңде жатыр. Бұл дәстүрдің арқасында біздің қаламызда бірнеше даңқты еңбек әулеті құрылды. Бүгін солардың бірі туралы айтқымыз келеді.  

 - Біздің еңбек әулетімізді әкеміз Ахмедьян Мухамедьянұлы Имантаев бастады, - деп сыр шертеді «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалері Шақар Ахмедьянқызы Амержанова. – Ол дрнеажды шахтада үңгуші болып жұмыс істеді. Көп жылғы адал еңбегі үшін оған «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері» атағы берілді. Қиын соғыс жылдары Қарағанды шахтасында менің анам Несіп Берікбайқызы да еңбек еткен.     

Имантаевтар отбасының келесі ұрпағы өмірлік міндетін теміржол саласында жұмыс істеуге арнады. Үлкен ағасы Төкіш көптеген жылдар бойы «Екібастұз» станциясында поездарды құрастырушы болып еңбек етті. Ленин орденімен наградталған, «Құрметті теміржолшы» деген атағы бар, бүгін ол құрметті демалыста. Әкенің жолын ұлы Қуандық қуды, ол да «Богатырь – Транс» ЖШС-да поездарды құрастырушы болып жұмыс істеуде. Кіші қарындастары Дүинезаданың кәсіби жұмыс өтілі ширек ғасырды құрайды, ол «Майкубенбский» кенішінде поезд диспетчері болып еңбек етеді, «Еңбек даңқы» белгісінің толық кавалері. Әңгімеміздің кейіпкері Шақар Ахмедьянқызы қырық жылға жуық өмірін теміржолға арнады. Осы жылдары ол «Богатырь» кенішінің жүк тасымалдау саласында, сосын Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасында ауысымсыз жұмыс атқарды. 1976 жылы тау-кен техникумын «Өнеркәсіптік көлікті пайдалану» мамандығы бойынша аяқтаған соң осында келген. «Богатырская» станциясында электрмен орталықтандыру постының операторы болып бастады, сосын станция бойынша кезекші болды, кейіннен поезд диспетчері, осы жұмыста 30 жыл еңбек етті. Шақар Ахмедьянқызы құрметті демалысқа 2015 жылы шықты. Бірақ, зейнеткер болса да ол әріптестерімен және туған ұжымымен байланысын үзген жоқ. Шақар Ахмедьянқызы бұрын «Богатырьская» станциясында поезд диспетчері болып жұмыс атқарған, өзінің бірінші тәлімгері Любовь Ильинична Долбилова туралы ерекше сезіммен және ризашылықпен еске алады:                      

- Тамаша адам,  ол маған біздің кәсібімізде білуге қажетті болғанның бәрін үйретті. Жинақы болуды, барлығын еске түсіруді.  

 Ал қазір Шақар Ахмедьянқызының кәсіпорында жұмыс істеп жүрген шәкірттері аз емес. Мысалға – Татьяна Овчаренко, «Степная» станциясының поезд диспетчері, Марина Копейкина,  «Окетябрьская» станциясының ЭЦ постының операторы, Елена Архипова, «Октябрьская» станциясының поезд диспетчері. - Бүгінгі күні олардың барлығы тәжірибелі жұмыскерлер, мен оларды мақтан тұтам, - дейді  Шақар Ахмедьянқызы.

Шақар Ахмедьянқызының өмірден мезгілсіз өткен ері Масғұт Қанатахметұлы Амержанов отыз жылға жуық көмір саласында еңбек етті, көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері, «Шахтер даңқының» екі белгісін иеленуші. Ақырғы жылдары Масғұт Қанахметұлы «Богатырь Көмір» ЖШС теміржол жабдықтарын жөндеу жөніндегі басқармада жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь болып жұмыс атқарды.   

Бүгінгі күні Ахметжановтар әулетін ұлдары Мақсат абыроймен жалғастыруда, Алматы теміржол академиясын бітірген ол Богатырь ЖКБ «Октябрьская» станциясында машинист-нұсқаушы болып еңбек етуде. Мақсат 15 жылғы тәжірибелік жұмыс өтілін артқа тастаған жан. Теміржол саласында, «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясында. Теміржол саласында, «Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясында келіні Айнагүл «Екібастұз-1» станциясында кезекші көмекшісі болып жұмыс істейді. Қызы Жанна да өмірде өз жолын тапты, мамандығы бойынша ол халықаралық-заңгер, Астана қаласында шетел компаниясында аудармашы болып істейді. Құрметті демалыстағы Шақар Ахмедьянқызы бос уақытын сүйікті немерелеріне арнауда. Үлкен немересі Аделя №1 мектепте оқиды, кішісі Малика дайындық сыныбына барады. Сонымен қатар ол классикалық көркем әдебиет пен тарихи романдарды оқуға да уақыт табады. Шақар Ахмедьянқызының өзі айтқандай оқуға деген құмарлығы оған әкесінен берілген. Шақар Ахмедьянқызы жағдайды пайдалана отырып әріптестерін келе жатқан Еңбек күні мерекесімен құттықтайды және оларға күрделі де жауапты жұмыстарында шыдамдылық тілейді.

Қанат АЛДАБАЕВ

суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу