Жұртшылық жобаны мақұлдады

14.09.2017

Екібастұзда құрамында жұмыс басшысы, бас маман Татьяна Лапердина, сарапшы Татьяна Стрижова, маман Анна Кузнецова бар «Эколайн» («Эколайн» ЭБО) эколоғиялық бағалау бойынша мәскеулік Орталығының  сараптама тобы болып қайтты. Ресей мамандарының біздің қаламызға сапармен келу мақсаты  «ЦТТ жобасын іскер асыру бойынша қоғамдық пікірді білуді қоса отыра,  халықаралық қаржы ұйымдарының талаптары бойынша «Богатырь» көмір кенішінде циклді-толассыз технологияның (ЦТТ) жобасына экологиялы-әлеуметтік бағалау дайындау болды.

   Еске сала кетейік,  көмірді шығарудың, ұсақтаудың, орташалаудың және тасымалдаудың циклді- толассыз технологиясын енгізу қажеттілігі туралы «Богатырь Көмір» ЖШС ең алғаш 2006 жылы сөз ете бастады. 2014 жылдың желтоқсанында осы маңызды жобаны іске асыру бойынша тәжірибелік қадамдар жасала бастады, соның ішінде серіктестік-компания анықталды.  «Богатырь Көмір» ЖШС(«Самұрық-Энерго»АҚ және «РУСАЛ» БК бірлескен кәсіпорнымен) мен «ThyssenKrupp Industrial Solutions AG»  компаниясының –тау кен жабдықтарын және технологияларды жетекші әлемдік өндірушісі арасында тиісті келісімшарт 2014 жылдың 22 желтоқсанында жасалды. Келісімшартқа сәйкес, ThyssenKrupp  инжинирингті, жабдықтарды әзірлеуді және жеткізуді жүзеге асыру, сонымен қатар,  құрастыруды басқару, іске қосумен жөндеу жұмыстары және құрамды оқыту бойынша қызметтер көрсету қарастырылған. Жобаны аяқтау 2019 жылы болжаланды. Бірақ та болжамды жоспарларды іске асыруға әлемдік экономикалық дағдарыс кедергі болды, жоба уақытша тоқтатылды. Оған енді оралдық.

   ЦТТ жобасын іске асырудың пайдасына «Богатырь Көмір» ЖШС мамандары бірнеше дәлелдер қатарын келтіреді. Бәрінен бұрын, жоба әрекет етуші өндірісті едәуір жаңғыртуға және  моральды түрде тозған тау кен техникасын жаңа жабдыққа ауыстыруға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде,  еңбек өнімділігін 25%-ға арттырады. Одан басқа, таңдап алынған технология көмірдің оны қаттау және орташалау-жүк тиеу кешеніне қаттаудан арту кезінде сапасын басқаруды қарастырады. Теміржол көліктерін қысқарту және конвейерлерді енгізу есебінен көмірді тікелей кеніште тасымалдаумен байланысты шығындар да едәуір төмендейді. Оған қоса жүк тиеу үрдісін автоматтандырудың жылдамдығымен дәрежесі де көтеріледі. Ал вагондарды автоматтандырылған тиеудің пунктісін енгізу өлшеп дозаланған жұмыстардан және көміржинаушы стансада сынамаларды іріктеудің қажеттілігінен бас тартуға  мүмкіндік береді. Көмір сапасын бақылаудың жаңашыл жүйесі тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.                                               

   «Богатырь Көмір» компаниясының тұрақты жұмыс істеу үшін ЦТТ жобасының әлеуметтік құраушысы және оның мағынасы, сонымен қатар Екібастұздың әлеуметтік саласының дамуы  туралы  «Эколайн» ЭБО сарапшыларына қалалық әкімшіліктің өкілдері әңгімелеп берді. Сөз ретінде айта кетсек, «Богатырь» кенішінде ЦТТ енгізудің жоспары қала жұртшылығының да оң бағасына ие болды. ЦТТ жобасына өз қолдауларын «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестік белсенділері, қалада белгілі және құрметке ие адамдар көрсетті. «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестік мүшелері, еңбек ардагерлері, Екібастұз қаласының құрметті азаматтары Еркен Әубәкіров  және Манат Сыздықов, бірлестік төрағасы Анатолий Дворак, Леонид Ересько, Сабит Садықов, Бейсенбек Макашев   экология нормаларын және табиғатты қорғау заңнамасын сақтау мәселесінде кәсіпорын ашықтығын ерекше белгілеп, «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығымен көпжылдық жемісті ынтымақтастықы атап өтті. Пікірлермен бөлісу барысында жұртшылық жұмысшылардың жобасын іске асыру үрдісінде босатылғандарды еңбекке орналастыру мәселесіне қызығушылық білдірді. Бұл сұраққа жауап бере отыра, ЦТТ жобасының бас менеджері Сергей Угаркин  компания басшылығының бұрында айтқан ЦТТ енгізу үрдісі кезінде барлық босатылған жұмыскерлер қайта оқытылады және алған мамандығы бойынша кәсіпорынға жұмысқа орналасатын болады деген ұстанымын кезекті рет растады. Өз тарапынан «Эколайн» экологиялық бағалау бойынша Орталықтың мамандары  кездесуге қатысушыларды  «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығында жұмыспен қамтудың жол картасының барына көңіл аудартты.

   Жұртшылық көмірді конвейерлі тасымалдау кезінде шаңдату мәселесінің техникалық шешімін де  білгісі келді. Сергей Угаркин айтуынша, жобамен техникалық шешімдер қатары қарастырылды, дәлірек айтсақ:  көтергіш конвейерлер толығымен жабылады, жазықтықты басқа жерге төгу учаскесінен 50 метр  бойымен жауып қою жоспарлануда. Соңғысы «Шығыс» кенішінде ұқсас кешенді пайдалану тәжірибесін есепке алумен ұсынылады.

   Компанияда іске асырылатын табиғатты қорғау ісшаралары мен экология саласында озат тәжірибелерін енгізу туралы қатысушыларды «Богатырь Көмір» ЖШС техникалық директордың орынбасары Наталья Шулаева  ақпараттандырды. Өз кезегінде, «Эколайн» ЭБО мамандары  «Қоршаған ортаны қорғау» бірлестігі базасында қоғамдық қабылдауды ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл ұсыныс жұртшылықтың қолдауын тапты.

  Кездесу аяқталар сәтте «Қоршаған ортаны қорғау» қоғамдық бірлестік мүшелері  аймақтың көмір шығаратын компаниясының өкілдерімен қала жұртшылығын шақырумен «Богатырь Көмір» ЖШС дөңгелек үстел өткізуді ұсынды. Олар осы тәріздес ісшаралар әрі қарай да  көмір саласының өзге кәсіпорындарында да өз жалғасын табатынына сенім білдірді.

Қанат АЛДАБАЕВ.

Жаңалықтар тізіміне оралу