Шеберлік танытты

24.08.2017

Кеншілер мерекесі - Шахтер күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС  кәсіби шеберлігін сынға салған дәстүрлі  «Кәсібінің үздігі» байқаулар топтамасы өз мәресіне жетті.  Бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша мәренің соңғы нүктесін роторлы және шөмішті экскаваторлардың машинистері қойды.

 Үздік атану құқығына ие болу үшін күресте СРСк-2000 роторлы экскаватор машинистері бірінші болып бастады. Өткен байқаулар секілді, жарыс екі кезеңде өтті. Теориялық  жағынан – қатысушыларға  еңбект қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, жұмысты жүргізу технологиясы бойынша 10 сынақтама сауалдарына жауап беру керек  болды. Әр дұрыс жауап үшін байқауға қатысушы  бір ұпайға ие болып отырды. Теориядан сүрінбей өткен машинистер тәжірибеге көшті. Бұл кезеңде экскаватор бригадасының әр қатысушысы жеке тапсырма алды. Ротор және жүк тиеу машинистеріне көмірді бақылау беруімен және артуын орындау, машинист-электрикке ақаулықты байқап, жою керек болды. Осы және өзге жағдайда да байқау комиссиясы тапсырманы орындау сапасын және жоғалтқан уақытты есепке алып отырды. Жарыстың екі күндік қорытындысы бойынша өз аталымдарында үздік атанғандар:  ротор машинисі Дмитрий Наак (СРСк-2000 №1105 экскаваторы, ШЖУ-1), жүк тиеу машинисі Евгений Карзаков (СРСк-2000 №1143 экскаваторы, ШЖУ-1), машинист-электрик Руслан Тукаев (СРСк-2000 №1146 экскаваторы, ШЖУ-1).  Екінші орын алғандар -  ротор машинисі Наби Кожамбердинов (СРСк-2000 №1146 экскаваторы, ШЖУ-1), жүк тиеу машинисі Александр Репин (СРСк-2000 №1145 экскаваторы, ШЖУ-1), машинист-электрик Сергей Григорьев (СРСк-2000 №1105 экскаваторы, ШЖУ-1). Үшінші орынға ие болғандар -  ротор машинисі Александр Змазнев (СРСк-2000 №1145 экскаваторы, ШЖУ-1), жүк тиеу машинисі Жастілек Дүйсембеков (СРСк-2000 №1144 экскаваторы, ШЖУ-1), машинист-электрик Игорь Аверьянов (СРСк-2000 №1106 экскаваторы, ШЖУ-2).

Қалжыңсыз бәсекеге ЭКГ типіндегі шөмішті экскаваторлардың машинистер санатындағылар түсті. Бұл қатысушылардың сан жағынан көп болуымен, нәтижесінде бәсекелестіктің жоғары деңгейімен түсіндірілді. Бұл санаттағы байқауды өткізудің тәртібі былай – ең алдымен теория, содан кейін тәжірибелік тапсырмалар. Қауіпсіздік техникасы бойынша сауалнамалық сұрақтарға жеткілікті жылдам жауап берген соң, қатысушылар байқаудың аса көріністі бөлімі- тәжірибеге көшті. Биылғы жылы шөмішті экскаватор машинистері үшін тәжірибелік тапсырмалар өзгеріске ұшырады. Әдеттегі тапсырмалар орнына -  сіріңке қорабын шөміштің тақасымен жабу және  шөміш тісін пластина күрмегіне өткізу сияқты ұйымдастырушылар  жаңа сынақтар ойлап тапты.  Шөмішпен допты мергендікпен дәл тигізу бойынша арнайы дайындап жасалған баскетбол шығыршығына лақтыру немесе шөміштің сол тақасымен ағаш тақтайына шеге қадау -  көре алмайтын төзімділікті және таң қаларлық сезгіштікті, сонымен бірге  басқаратын машинасымен үзілмеген бірлікті сезінуді және тәжірибенің болуын талап ететін тапсырмалар. Бәрінен  асып,  байқау алаңдаушылығына  ие  болу және лайықты жеңіске жетіп, үздік атану ЭКГ 8И №2403 экскаваторының машинисі Геннадий Барышевтың  (№3 ЖжәнеҮЖУ)  қолынан келді. Екінші орынды ЭКГ- 10 УС №3511 экскаватор машинисі Рустам Оспанов (№2 Жжәне ҮЖУ) жеңіп алса, үшінші орын ЭКГ - 10 УС №3558 экскаватор машинисі Николай Бариновқа (№3 Жжәне ҮЖУ) бұйырды. Бұл сынақтар ЭШ (адымдауыш) типіндегі экскаватор машинистеріне едәуір қиынға соқты. Шөмішпен допты баскетбол шығыршығына дәл лақтыру үшін машинистерге  лақтырудың оңтайлы сәтін ұстап алу керек болды. Ал бұл байқау көрсеткендей оңай болмай шықты.

Допты дәл тигізіп лақтыруға  әр талпынған сайын шөміш сағат тілшігі сияқты ауада  тербеліп болмады. Шөміште су толтырылған шелекті тасу – әлдеқайда қуатты үнемдейтін тапсырма  болып шықты. Қатысушылардың көбі бұл тапсырманы мінсіз, ал кейбіреулері -  су тамшысын да тамызбай үлгілі орындап шықты. Екі тур қорытындысы  бұл аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады. Адымдауыш экскаватор машинистері арасында «Кәсібінің үздігі» атағын ЭШ-11/70 №2742 экскаватор машинисі Ширафидин Мамаев (№3Жжәне ҮЖУ) жеңіп алса, екінші орын ЭШ-13/50 №2722 экскаватор машинисі Сергей Овсянниковке (№3Жжәне ҮЖУ) бұйырды. Ал ЭШ-11/70 №2742 экскаватора машинисі Владислав Сартаков (УВиОР №3) болса, үшінші орынға жайғасты. Роторлы және шөмішті экскаваторлар машинистері арасында «Кәсібінің үздігі»  атағы үшін байқаудың жеңімпаздарымен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі Шахтер Күніне арналған салтанатты жиналыста өтеді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу