Табыс формуласы

17.08.2017

Шахтер Күніне орай «Богатырь Көмір» көмір шығаратын компанияда өткізілетін кәсіби шеберлік байқаулар қатары өткен аптада жалғасын тапты. «Ең үздік маман» атағына ие болу құқығы үшін технологиялық көлік Басқармасының жүргізушілері жарысқа түсті.

Байқау бастар алдында, қатысушыларды алда келе жатқан Шахтер күні мерекесімен технологиялық көлік Басқармасының бас инженері Максим Солоха және кәсіподақ комитетінің төрағасы міндетін атқарушы Елизавета Майненгер құттықтады. Байқау, дәстүр бойынша теория бойынша емтихан алудан басталды. 12 қатысушының әрқайсысына машинаның техникалық құрылғысы, еңбектің өнеркәсіптік қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша сұрақтарымен сынақтама берілді. Орындалған жұмыстарды бағалау кезінде байқау комиссиясы дұрыс жауап санымен жұмсалған уақытты есептеп отырды. Көп ұпай жинаған қатысушылар жарыстың тәжірибелік бөліміне қатысу мүмкіндігіне  ие болды. Нәтижесінде – жарыс мәресіне тоғыз қатысушы шығып, олар әр аталым бойынша ең үздік атануға үштіктер үміткерлерін қатарын құрады. Алғаш болып «жарысқа түскендер» «CAT-777 D» карьерлі самосвал жүргізушілері болды. Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар арнайы дайындалған трассада үлкен жүкті самосвалмен жүріп өту өнерін көрсету керек болатын. «Баста!» белгісі бойынша қатысушы, қауіпсіздік техникасын сақтай отыра, көп тонналы машинада қозғалысты бастап кетті. «Сегіз» қатысушыларының шебер орындаулары әсер етті. Мінсіз, бортқа тигізбей-ақ, тәжірибелі жүргізушілер басқарған алып машиналар габаритті қоршау арасынан өтті.  Нақты берілген шаршыда көмір арту үрдісін мінсіз көрсетіп, олар шыққан нүктесіне оралды. Өткен байқау  «Богатырь Көмір» компаниясында шебер жүргізушілер жұмыс істейтіні кезекті рет растады. Осы тәрізді тапсырманы «БелАЗ-75131» карьерлі самосвалында қатысушылардың екінші үштігі орындады. «Ең үздік маман»  атағы үшін байқауының екі кезеңінде алған ұпай саны бойынша медальмен жеңімпаз жүлдесіне, бірінші дәрежелі дипломға, сонымен қатар ақшалай сыйлықақымен естелік сыйлықтарына ие болғандар: «CAT-777 D» карьерлі самосвал жүргізушісі» аталымында Николай Михнев, «БелАЗ-75131» карьерлі самосвал жүргізушісі» аталымында Виталий Кобыльченко. Жарыстың басқа да қатысушылары лайықты марапатсыз қалмады. Екінші орын үшін дипломмен, ақшалай сыйлықақымен және естелік сыйлықпен марапатталды: Александр Чежегов («CAT-777 D» карьерлі самосвал жүргізушісі» аталымы), Айдар Капезов («БелАЗ-75131» карьерлі самосвал жүргізушісі» аталымы). Жүлделі үшінші орынға ие болғандар: Қайрат Теміржанов («CAT-777 D» карьерлі самосвал жүргізушісі» аталымы) және Нұрғали Шайзадинов («БелАЗ-75131» карьерлі самосвал жүргізушісі» аталымы). Ұйымдастырушылар байқаудың соңғы бөліміне жетпегендерді де ынталандырды.  «CAT-16 H» автогрейдер машинистері арасында байқауға қатысушылар үшін тәжірибелік тапсырма біраз ерекшеленді.  Трасса ілгегі жанынан өткеннен басқа қатысушылар, машинаның жұмыс жабдығы- үйіндісімен ұзындығы бір метр қысқа бағанаға қойылған фишканы соғу керек болатын. Қатысушылар арасынан тек біреуі ғана маневрді орындау кезінде қысқа бағананы аударып жіберіп, жаңсақтық танытты, ал қалған екеуі тапсырманы мінсіз орындады. Жалпы, тәжірибелік кезең көріністі болды. «Формула-1» жарыс машинасы секілді, автогрейдердің  қойылған қысқа бағаналардан шұғыл бұрылыста айналып өткенін көру қызықты болды. Бір сөзбен айтқанда, кәсіби шеберлік байқауы мәресінің шарықтау шегі өте қызықты аяқталды. Соңғы үштікте «CAT-16 H» автогрейдер машинистері арасында Виктор Мальцев жеңімпаз атанса,  Нұрлан Есжанов екінші орынға, Андрей Колосов үшінші орынға ие болды. Барлық жүлдегерлер лайықты марапаттарын алды.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу