Мамандығы бойынша ең үздік

07.08.2017

«Богатырь Көмір» ЖШС «Мамандығы бойынша ең үздік» кәсіби шеберліктің дәстүрлі байқаулар топтамасы басталды. Марафонды Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының теміржолшылары ашты.

Алғашқы жарыстар өткен аптаның басында «Степная» жылжымалы құрам депосында өтті. Біріншілік құқығына ие болу үшін күреске жиырмаға жуық ТЭМ-2 тепловоз және «Степная», «Октябрьская» мен «Эксплуатация» ЖҚД ОПЭ-1 айнымалы тоқ тартқыш агрегатының  машинистері түсті.

Келе жатқан кәсіби мерекелері – теміржолшылар Күнімен және Шахтер Күнімен байқауға қатысушыларды БЖКБ директорының м.а. Ағыбай Покатаев құттықтады. Әріптестеріне ол шыдамдылық, сәттілік, табыс, сонымен қатар барлық жақсылықты тіледі.

«Богатырь Көмір» компаниясының кәсіподақ комитеті атынан мамандығы бойынша ең үздік атану құқығына үміткерлерге байқау комиссиясының мүшесі Елизавета Майненгер өз  тілегін айтты.

«Мамандығы бойынша ең үздік» кәсіби шеберлік байқауының теориялық бөлімінде  БЖКБ теміржолшыларына үш нұсқасы бар жауаппен 50 сұрақтан тұратын сынақтамадан өту күтіп тұрды. Мұнда уақыт шектелмеді.

Содан кейін байқауға қатысушыларға өз білімдерін кәсіби жарыстың  тәжірибелік бөлімінде растау керек болды. Жеребе тасталған соң машинистерге өздерінің «темір тұлпарларында» алдын ала орнатылған жұқа тақтайшаларға аса жақын қашықтыққа жақындау, ең бастысы, бұл кедергіні соқпау керек болды. Мұнда, әрине, бағыттың өту уақыты ескерілді. Екі мүмкіндік берілді, оның ішінде біріншісі – сынама. Ал барлығы мұнда көз мөлшеріне және ептілікке байланысты болды.

ТЭМ-2 тепловозының машинистері арасында ең үздік болып Денис Соколов атанса, аздап орын берген Ержан Садырбаев екінші болды. Ал мықтылардың үштігін Дінмұхамед Тасқымбаев жапты.

ОПЭ-1 айнымалы тоқ тартқыш агрегатының жас  машинистері  арасында «алтын» Арман Серіковте, «күміс» Владимир Музыкада болса, «қола» Евгений Репниковқа бұйырды.

ОПЭ-1 машинистері арасында «Ардагерлер» топ бөлігінде (29 жастан жоғары) бірінші орынды Александр Прокопенко алса, екінші орынға Владислав Брандуков жайғасса, үшінші орынға Александр Головлин ие болды.

Осы тәріздес жарыс өткен жұмада БЖКБ ашу кешенінің «Ударная» жылжымалы құрам депосында өтті. Бұл жерде күреске ПЭ2М тұрақты тоқ тартқыш агрегатының он машинисі (әр жас санаты бойынша бесеуден) түсті.

– Бұл депо – компаниядағы ең алғашқы құрылғандардың бірі. Жұмыста жақсы көрсеткіштері бар. Жарайсыңдар! Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін. Әрине, келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз – тамыздың алғашқы жексенбісінде атап өтілетін теміржолшылар Күнімен және алда күтілетін Шахтер Күнімен де құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, бақыт,  сәттілік, денсаулық және барлық жақсылық атаулыны тілеймін. БЖКБ бас инженері міндетін атқарушы, төрешілер алқасының төрағасы Павел Музычук Іске сәт! –деп тілек айтты.

Жауын-шашынды ауа-райына қарамастан, байқау әдеттегідей сәтті өтті.

30 жасқа дейінгі  машинистер арасында жеңіс тұғырына  Арман Рамазанов жетсе, Мұрат Ахметшарипов екінші орынға ие болды. Ал үздіктер үштігін Евгений Житников аяқтады.

30 жастан асқан машинистер арасында Дмитрий Макушин мықты атанса, жарыстың «күмісін» Вячеслав Зорин жеңіп алды. Ал жүлделі үшінші орын Айдын Шаймерденовке бұйырды.

Байқау триумфаторлары кубоктар, грамоталар, ақшалай және естелік сыйлықтарын, ал барлық қатысушылар – жұбаныш сыйлықтарын алды.

Манар Ерботина.

Фотосурет Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

 

 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу