Күш беретін туризм

28.06.2017

Өткен демалыстарда ептілік, білгірлік және тапқырлық жарыстары Сабындыкөл көлінің жағалауында өріс алды. Оған барлығы он команда қатысты. Олардың әрқайсының атауы сонылығымен ерекшеленді. Шыққан командалардың саны бойынша ең толымдысы «Богатырь» кенішінің өтінімі болды. Көмір кешенінің намысын «Форвард» және «Атлант» командалары қорғады. Спорттық биіктіктің шабуылына «Штрафбат» және «9 рота»  командаларын кіргізген Аршу кешені де саны бойынша олардан қалмады.   «Геомарк» құрамасына біріктірілген «Богатырь» кешенінің басқарушылары жеңісті санымен емес, іскерліктерімен алуды шешті. Богатырь ЖКБ және бас энергетик қызметінің аттарынан шыққан командалардың атаулары табысқа жетуге көзделгендіктерін білдірді.  Жарысқа келесі жасақтар бірінші болып шықты:  «Молния» (БЖКБ, Путь - 3), «220» (БЖКБ, ОБС), «Жасыбай» (БЖКБ, ПТО-1). Богатырлық энергетиктердің намысын «БЭҚ» (бас энергетик қызметі) бір аттас командасы мен «Котел-ОК» (бас энергетик қызметі ТВС учаскесі) командасы қорғады. Қатысушылар өздерінің жақсы жақтарын туристік эстафетада, кедергілердің туристік жолақтарында, спорттық жартасқа өрмелеулерде, сондай-ақ «Команданың визиткасы» шығармашылық жарысында және ең таңдаулы тағам дайындау конкурсында көрсете білді.

Әр номинация бойынша ерекше көзге түскендер жүлделік үштіктерді құрды. Туристік жарыста мәреге бірінші болып «БЭҚ» (бас энергетик қызметі) командасы келді, екінші – «Жасыбай» командасы (БЖКБ, ПТО-1), жарыстық үштікті «Геомарк» командасы («Богатырь» кеніші, ӘБҚ) тұйықтады.

Кедергілердің туристік жолақтарының аралығынан «Форвард» (Көмір кешені, «Богатырь» кеніші) бірінші болып жүріп өтті, екінші нәтижені «БЭҚ» (бас энергетик қызметі) командасы көрсетті, үшінші «Молния» (БЖКБ, Путь-3) болды.

«Визитка» конкурсында команданы ең үздік түрде көрсеткен «Жасыбай» командасы (БЖКБ, ПТО-1) болды, қазылар алқасы екінші орынды «Котел-ОК» (бас энергетик қызметі ТВС учаскесі ) командасына берді, үшінші орынға «Форвард» (Көмір кешені, «Богатырь» кеніші) командасы ие болды.

Аспаздық жарыста өз шеберліктерін көрсеткендер: «9 рота» (Аршу кешені, «Богатырь» кеніші) – 1 орын, «Котел-ОК» (бас энергетик қызметі, ТВС учаскесі) – 2 орын, «Штрафбат» (Аршу кешені, «Богатырь» кеніші) – 3 орын.

Спорттық жартасқа өрмелеу бойынша жарыста ептіліктері мен жақсы тәсілдерін келесі командалар көрсетті: «БЭҚ» (бас энергетик қызметі) командасы - 1 орын, «Форвард» (Көмір кешені, «Богатырь» кеніші) командасы - 2 орын, «220» командасы  (БЖКБ, ОБС) - 3 орын.

Барлық конкурстық турлардың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды «Форвард» (Көмір кешені, «Богатырь» кеніші) командасы жеңіп алды, екінші орын  «БЭҚ» (бас энергетик қызметі) командасына берілді, үшінші орынға «Молния» (БЖКБ, Путь-3) командасы ие болды.

Қанат АЛДАБАЕВ.

Жаңалықтар тізіміне оралу