Тапсырмалар орындалуда

19.06.2017

Ағымдағы жылдың наурызында «Богатырь Көмір» көмір шығарушы компанияда кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ұжымдарымен серіктестік басшыларының есептік кездесулері өтті. Әрқайсысының қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді, ал соңынан нақты шешімдер қабылданды. 

Есептік жиналысқа қатысушылар өздерін мазалаған мәселелерді «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Серік Раиповқа, атқарушы директор Қайрат Рғайбекке және бас директордың орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Сергей Платоновқа қою мүмкіндігіне ие болды. Кеншілер көп мәселелерге жауапты сол жерде алды, ал мұқият зерттеуді талап ететін мәселелер бойынша компания басшысы нақты тапсырмалар берді.  Бұндай мәселелердің көп болуы кеншілердің енжар адамдар емес екенін тағы да дәлелдеді. Мысалы, бірлескен жастар қозғалысының белсендісі Асылбек Нұрғалиев жас мамандардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайыссыз қарыз қарастырылады ма? – деген сұрақ қойды. Бас директор Серік Құдысбекұлы бұл сұраққа биылғы жылы аталмыш бағдарлама бюджеті 70 млн-нан 100 млн-ға өсті -, деп жауап берді. Сонымен қатар, ол жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі дирекцияға әр құрылымдық бөлімше бойынша тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін пайыссыз қарыз алуға мұқтаж жас жұмыскерлердің тізімін құрастыруды тапсырды. Дирекция компания басшысының тапсырмасын орындау үшін аталмыш тізімді құрды, бүгінгі күні серіктестікте 314 адам тұрғын үй қарызын алуға кезекте тұр. Оның ішінде: «Богатырь» кенішінде - 94 адам, Богатырь ЖКБ - 117 адам, автобазада - 12 адам, ТЖЖЖБ – 14 адам, ТКЖЖ зауытында - 30 адам, технологиялық көлік басқармасында - 7 адам, Бас энергетик қызметінде - 6 адам, атқарушы аппаратта - 34 адам.         

Бас директор «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығының инфрақұрылымын одан дамыту жөнінде жеке тапсырма берді. Жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі дирекция мен қаржы дирекциясына «Қарлығаш» БСО-да екі шағын-футбол алаңшасын салу бойынша ұсыныстар әзірлеу туралы тапсырма берілді. Жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі Дирекцияның ақпараты бойынша қазіргі уақытта футбол алаңдарын жабдықтау үшін мердігерлік ұйым іздестірілуде.

Есептік кезеңде жиі қойылатын сұрақтардың бірі қосымша жұмысқа қабылдау болды. Ескере кететіні, бұл мәселе назарсыз қалмады. Бас директордың тапсырмаларына сәйкес «Богатырь» кенішінің және Богатырь ЖКБ-нің басшылары қосымша жұмыскерлер алу туралы ұсыныстар дайындады. Осының қорытындысы ретінде компания басшысының келісімі бойынша «Богатырь» кенішіне тұрақты негізде УДР №2 электромеханик және тау-кен жұмыстарын жоспарлау және талдау бөліміне инженер қабылданды; сондай-ақ маусымдық жұмысқа №2 және 3 учаскелерге он үш жол жөндеуші, УДР №1 бір электромеханик, УДР №1 экскаватор машинисі, УДР №1 конвейер машинисі, ТЖЖ цехына жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бес электрослесарь, УДР №3 бір тау-кен шебері, №3 аршу және үйінді жұмыстары учаскесіне төрт экскаватор машинисінің көмекшісі, №2 электрлендіру учаскесіне байланыс желісінің жеті электрмонтері қабылданды.

Қосымша жұмыскерлер алу туралы ұқсас шешім Богатырь ЖКБ-да да қабылданды. Сондай-ақ бос орындарға келесі мамандық иелері ие болды: жол жөндеуші, жылжымалы құрам слесарі, жол машиналарын жөндеу жөніндегі слесарь, ПТО локомотивтерінің үш слесарі, СОБ он бір жөндеушісі.             

Өндірісті техникалық жабдықтауға байланысты тапсырмалар оң шешімін тапты. Тауарлар нарығында ең сапалы арқан өнімді анықтау үшін оңтайлы шешімдер табылды, аталмыш өнім түрінің партиясын балама дайындаушы зауыттан сатып алынды. Сонымен қатар, сатып алынған мойынтіректердің сапасын бақылауды күшейту үшін 2018 жылы мойынтірек теңселісінің техникалық жағдайын орнатуға мүмкіндік беретін «КОМПАКС-РПП» мойынтірек теңселісі діріл диагностикасының стендін сатып алу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жөндеу жөніндегі дирекция экскаваторларда орнатылған өнеркәсіптік салқындатқыштарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету туралы мамандандырылған ұйыммен шарт жасасуда.  Шарт жасасқан соң мердігер ұйымның мамандары салқындатқыштарға сервистік қызмет көрсетеді және қажет болған жағдайда ақаулы салқындатқыштарды жөндейді деп жобалануда. ТКЖЖ зауытында компания басшысының тиісті тапсырмасынан кейін келесі жұмыстар орындалды: бірінші аралықтағы механикалық учаскеде дәнекерлеу постындағы желдеткіш жүйесін монтаждау, төртінші аралықтағы бояу бөлімшенің  желдеткіш қондырғысын жөндеу. Сондай-ақ кестеге сәйкес цехтардағы сүзгі-желдеткіш қондырғылардағы электрстатистикалық сүзгілерге тазалау жүргізілді. ТКЖЖ зауытында жалпақ металпрокаттан әзірленетін металл жұқа тақтайшалардың сипаттамасының сапасын жақсарту үшін аталмыш өнімді шығарудың технологиясын өзгерту мүмкіндігі зерттелуде. Богатырь ЖКБ-да бас директордың келісімі бойынша локомотивтердің шанақтарын бояу жөніндегі цех думпкарларды (ДПС-4) жөндеу бойынша бұрынғы  цехта орналасады деп шешілді. Бас директордың тапсырмасына сәйкес Бас энергетик қызметі экскаваторларға жарық диодты жарықтарды орнату бойынша жобаны іске асыруда. Тұтас алғанда, энергияны үнемдеу бағдарламасының аясында Бас энергетик қызметі 294 дана жарық диодты шамдарды сатып алды, жоспарда ескі энергия сыйымды шамдардың орнына тағы 278 дана сатып алу тұр.                Есептік кездесу кезінде Компания басшылығы еңбекшілердің өндірістегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша ұсыныстарын назардан тыс қалдырмады. Соның ішінде Компания әкімшілігі зауыт жұмыскерлерінің өтініштерін жерге тастамай ТКЖЖ зауытының басшысына бекітілген бюджет аясында жұмыскерлердің әлеуметтік-тұрмыстық мұқтаждарына арналған ұсақ тұрмыстық техника (электршәйнектер, шәйнек-термостар, шағын толқынды пештер) алу туралы тапсырма берді. Суық мезгілде ТКЖЖ зауыты жұмыскерлерін автобуспен тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұсынысты зауыт және автобаза басшылары қыс түскенге дейін бірлесіп шешеді. Осылайша есептік кездесу барысында «Богатырь Көмір» ЖШС басшысының берген барлық тапсырмалары өз шешімдерін тапты.

Қанат АЛДАБАЕВ.

Жаңалықтар тізіміне оралу