Екібастұз қаласының мерейтойына арналады

20.06.2017

Екібастұз қаласының 60 жылдық мерейтойын тойлау күндері қаланың спорт алаңдары мен жергілікті иподромда жаппай спорттық іс – шаралар өтті. Аталмыш шараларға «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері де белсенді қатысты.

Богатырлықтар қалалық спорт турнирінен бірден екі жүлделі бірінші орынға ие болды. Өздерінің жас категорияларында ең үздік нәтиже көрсеткендер: Сергей Баранов (ТКЖЖ зауыты) және Юрий Петров («Богатырь» кеніші). Екінші орынға  Павел Баранов (ТКЖЖ зауыты) ие болды.

Жүзу сайысында ең үздік нәтиже көрсеткендер Елены Нападовская (Богатырь ЖТКБ) мен Сара Прокофьева («Богатырь» кеніші).

Күміске қол жеткізгендер: Разия   Касимова (Богатырь ЖТКБ), Людмила Юзва (Богатырь ЖТКБ), Сауле Макарова (ТКЖЖ зауыты), Светлана Задорина («Богатырь» кеніші). Тағы да «күміс төрттік» богатырлықтарда армреслинг сайысынан шықты, олар: Станислав Сычев (автобаза), Тахир Ильясов («Богатырь» кеніші), Алексей Сазонов (Богатырь ЖТКБ), Мейрам Сурумбетов (Богатырь ЖТКБ).

«Богатырь Көмір» командасының қоржынына тағы бір күмісті тоғыз құмалақтан  Хуанган Айжарык (ТКЖЖ зауыты) әкелсе, шахмат турнирінен  Кенжетай Сатубалдинов (Богатырь ЖТКБ) күмісті қанжығасына байлады.

Кір тасын көтеруде Каныбек Масакбаев (автобаза) пен Айдар Капезовке (ТКБ) тең келер қарсылас болмады.  Дойбы сайысынан Рамазан Имангалиев (ТЖЖББ) и Асель Бейсекулова (атқарушы аппарат) жеңімпаз атанса, Ерболат Булкенов (Богатырь ЖТКБ) екінші орынға ие болды. Қазақша күрестен Нұржан Серикбаев (Богатырь кеніші) қоланы қанжығасына байлады.

Мерекелік күндері «богатырлықтардың» жеңістер қатарының Павлодар облысы бойынша фудбол чемпионатынан айғақ жеңісі сәнін келтірді. Спортты – сауықтыру кешені стадионында өткен жарысында «Богатырь» командасы «Нардос» (Павлодар қ.) командасын 3:1есебімен айқын жеңіске  қол жеткізді.

Канат АЛДАБАЕВ.

Жаңалықтар тізіміне оралу