Қалаға және балаларға сыйлық

06.06.2017

Арнайы қаланың 60-жылдығына және Халықаралық балаларды қорғау күніне Екібастұзда веложарыс ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шара аясында және «Нұр Отан» Екібастұз қалалық филиалының қолдауымен өтті. Әуесқойлық веложарысты өткізу ниетімен Павлодар облысты мәслихатының депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС атқарушы директоры Қайрат Рғайбек сөз сөйледі, Ағымдағы барлық шығындарды ол өз мойнына алды. Едәуір демеушілік көмекті жүрісті ұйымдастырушыларға «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Серік Раипов көрсетті. Ерекше атап өтетін жайт, өткен веложарыс қайырымдылық акциясы мәртебесін алып жүрді – оның аясында жиналған барлық қаражаттарды, оның ішінде өткізілген аукционмен ұтыс лотереясының қаражаттарын ұйымдастырушылар мұқтаж балаларға көмек ретінде жіберді.

Спорттық мерекенің құрметті қонағы қала әкімі Қайрат Нүкенов, «Нұр Отан» партиясының ЭҚФ төрағасының бірінші орынбасары Светлана Гладышева болды  Қала басшысы өзінің қатысушыларды құттықтау сөзінде бұқаралық спорттың дамуына мемлекет қаншалықты мән беріп отырғанын еске салды. Өз кезегінде, веложарысты ұйымдастырушы – Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Рғайбек жарыстың барлық қатысушыларына  адал спорттық шайқаста сәттілік пен жеңіс тіледі. Сөз арасында айта кетейік, халық қалаулысының өзі де сайыстан тыс веложарысқа қатысты. Сол күні сөреге велосипед спортының  барлығы 34 әуесқойы шықты. Веложарыс бағыты Қонаев даңғылы бойынша өтті. Жарыс тәртібіне сәйкес барлық қатысушылар  екі жас санатына бөлінді, бұл ретте веложарыстың ерлермен әйелдер тобына кіру жеке жүргізілді. Соған сәйкес жарыстың қашықтығы да әр түрлі болды: ерлер үшін ол 10 километрді, ал әйелдер үшін – 5 километрді құрады. Веложарысты ерлер ашты. 35 жасқа дейінгі санатта қарсыластарынан жеке бөлініп,  мәреге жеңіске жететіндей жақындаған «Восточный» кенішінің жұмыскері Арман Қонақбаев болды. Екінші болып мәреде  «Жасыбай» БЖСМ өкілі Иван Гулякин болса, жүлделі үштікті «Проммашкомплект» ЖШС жұмыскері Андрей Фомич жапты.  35 жастан жоғары санатта жеңісті веложарыстың жасы келген – 80-жастағы еңбек ардагері Петр Дьячук тойлады. "Богатырь Көмір» ЖШС жұмыскері Виталий Чабан күміс жүлдегер атанса, «қола» жүлде №2 БЖСМ өкілі Абай Кубесовқа бұйырды. Одан кейін аңду жарысына  әйелдер кірісті. Мұнда 35 жасқа дейінгі санатта  Зарина Шахманова (№3 БЖСМ) бірінші болып мәреге жетсе,  екінші орынға  Ольга Шерешова ( «Богатырь Көмір»ЖШС), үшінші орынға - Айсулу Миндыбаева («Жасыбай» БЖСМ) ие болды. 35 жастан және одан жоғары санатта құрмет тұғырын «Богатырь Көмір» ЖШС өкілдері  бөлісті. Бұл жүлделі үштікте ең жақсы нәтижені Елена Нападовская көрсетсе, екінші орынды Светлана Задорина, үшінші орынды Елена Цымбал жеңіп алды. Веложарыстың барлық жеңімпаздары марапат ретінде 25 мың теңге көлемінде жүлде, диплом және кубок алды. Екінші орын алған қатысушыларға дипломмен 15 мың теңге көлемінде жүлде табыс етілді. Сонымен қатар қола жүлдегерлерін де дипломмен және 10 мың теңге көлемінде жүлдемен марапаттады. Ұйымдастырушылар  спорттық мінез көрсеткен қатысушыларды жеке 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықақымен марапаттады. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымында ерлер санатында атап өтілді: Петр Дьячук және Абай Кубесов, сонымен бірге веложарыстың ең жас қатысушысы Данияр Темирбаев.  Әйелдер арасында арнайы сыйлықақыға Елена Федорова және Анна Склярова ие болды. Спорттық іс-шараның шымылдығы астында қайырымдылық аукционы өткізілді, лот ретінде саудаға қайырымдылық лотереясының 10 билеті қойылды. Аукционнан және алдын ала сатылған лотерей билеттерінен  түскен барлық қаражаттарды ұйымдастырушылар мұқтаж балаларға беруге шешті.

Қайырымдылық лотереясында өткен ұтыстың нәтижесі бойынша,  «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Серік Раиповпен Павлодар облыстық мәслихаттың депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС атқарушы директоры Қайрат Рғайбек ең басты жүлде ретінде тағайындаған екі жаңа велосипедтің иегері «Богатырь Көмір» ЖШС өндірістік монша жұмысшысы Шолпан Қуандыкова және «Алуа» театр студиясының қатысушысы Женисбек Саябек атанды.

Қанат АЛДАБАЕВ

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.


Жаңалықтар тізіміне оралу