Ізгі дәстүрді сақтау

19.05.2017

Ұлы Жеңісті мерекелеу күндері Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің атқарушы директоры Қайрат Рғайбек Ұлы Отан соғысына қатысқан Александр Федорович Щетчиков пен Алексей Демьянович Перелякинде, сондай-ақ еңбек ардагері Аркады Садыкалиевич Сулейменовте қонақта болды.

Халық қалаулысы ақсақалдарды 9 мамыр мерекесімен құттықтады, зор денсаулық, жақсылық пен амандық тіледі. Қайрат Рғайбек Ұлы Отан Соғысындағы теңдесі жоқ ерліктері мен батырлықтары, сонымен қатар соғыстан кейінгі уақыттағы қажырлы еңбектері үшін шексіз құрмет және зор ризашылығын білдіре отырып ардақты ардагерлердің әрқайсына гүл шоқтары мен үлкен азық-түлік жиынтықтарын сыйлады. Сырлы сұхбат барысында ардагерлер депутатқа жауынгерлік және еңбек жолдарындағы есте қалған әсерлі сәттері туралы әңгімелеп берді. Қайрат Рғайбекті шығарып салған ақсақалдар оның көрсеткен ықыласы мен қамқаорлығына ризашылықтарын білдірді, депутаттық қызметіндегі жұмысына табыс тіледі. Депутат жастар бастамасына да қолдау көрсетуді өзіне міндет санайды. Қайрат Рғайбек жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында Жеңіс Күні мен Отан қорғаушылар Күніне арналған «Зарница» қалалық конкурсына қатысуға ықылас білдірген «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жас жұмыскерлеріне қолдау көрсетті. Сонымен қатар ол «Зарница» әскери-спорттық ойынының жеңімпазына берілетін ауыспалы Кубокты ұйымдастырды.

Қанат АЛДАБАЕВ.

Жаңалықтар тізіміне оралу