Жеңістен жеңіске

28.04.2017

«Богатырь Көмір» ЖШС спорттық ісшараға сәуір айы бай болды. Серіктестіктің спорттық алаңдарында әр уик-энд спорттың әр түрі бойынша жарыстармен өткізілді.

15 сәуірде компанияның спорттық-сауықтыру кешенінің базасында кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің ерлер құрама командасының арасында баскетболдан жарыстар өтті. Табан тірескен және ымырасыз күресте бірінші орынды «Богатырь» кенішінің командасы (команда капитаны – А.Еремин), екінші орынды, аздаған ұпаймен қалумен бас энергетик қызметінің командасы (команда капитаны – Н.Жұматаев) жеңіп алса, үшінші орын ТКЖЖзауытының командасына бұйырды (капитан – П.Баранов).

     22 сәуірде  Амангелді Мұстафинді еске алуға арналған үстел тенисі бойынша дәстүрлі ашық турнир қызу өтті.  Жеке біріншілікте жүлдегерлер үштігі әр жас санатта анықталып отырды. 40 жасқа дейін санатта ерлер арасында: бірінші орынды Талғат Ерекеев, екінші орынды - Бауржан Қасенов, үшінші орынды -   Талғат Сийкинбаев алды. 40 жастан 55 жасқа дейінгі санаттағы жеңісті атап өтті: Мади Такабаев (1орын), Константин Сенич (2 орын),  Сергей Тищенко (3 орын). 56 жастан жоғары санатта  жеңіске жеткендер: Василий Маило (1орын),  Илсур Ахметов (2 орын), Константин Бурмакин (3 орын).

Жеке есепте әйелдер арасында  жүлдегерлер екі жас санатта анықталды. 40 жасқа дейінгі санатта жүлдегерлер үштігіне енгендер: Камила Ташева (1орын), Екатерина Ережепова (2 орын),  Оксана Ситниченко (3 орын). 40 жастан жоғары санатта: бірінші орынды Елена Бондарь, екінші орынды – Светлана Курдюкова,  үшінші орынды – Аида Хачатурян жеңіп алды.

Командалық біріншілікте жүлдегер атанғандар: «Шығыс» (Е. Бекбулатов, М. Сийкинбаев, К.Ташева)құрама командасы - 1 орын,  «Богатырь Көмір» ЖШС (К.Сенич, А. Сухоставский, Е.Ережепова) - 2 орын,  БЖСМ-1 (Б.Касенов, А.Мурзабаев, А.Лановчук) – 3 орын.

     Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелердің әйелдер командасы арасында стритболдан жарыстарда сенімді жеңіске құрамында И.Суханова, Л. Носкова, Г. Курбанова бар ардагерлердің әйелдер құрамасы жетті. Осы түрдің жарысы 23 сәуірде ТКЖЖ зауытының спорт залында өтті. Құрмет тұғырының екінші сатысына атқарушы аппараттың   әйелдер құрамасы көтерілді (А.Склярова, Д. Исангулова, О. Шерешова). «Богатырь» кенішінің спортсмендері жарыстың қола жүлдегері атанды - Е. Ережепова, А.Макратова, Г.Баранова.

     «Екібастұз барысы» қазақша күресі бойынша өткен қалалық іріктеу турнирінде богатырь палуандары табысты қатысты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша бірінші орынды Нұржан Серікпаев,  екінші орынды Дамир Смагулов (екеуі де «Богатырь» кенішінің жұмысшылары), үшінші орынды Раимбек Олжабай (бас энергетик Қызметі)жеңді. 

Қанат АЛДАБАЕВ                                                                                         

Сурет Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

Жаңалықтар тізіміне оралу