Таза қала – жалпыға ортақ іс

20.04.2017

Өткен жалпықалалық сенбілікке «Богатырь Көмір» ЖШС кеншілері қатысып, асқан белсенділік  танытты. Бекітіп берген аумағы тау кен округінің үлкен бөлігін жинауға богатырьліктер таңертеңнен бастап кірісті. Тырнауышпен, сыпырғышпен және өзге де қажетті құрал жабдықтармен қаруланған серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшылары қаламыздың ең созылған көшесінің бірі Строительная көшесінде тазалық сақтап, жинастыруға кірісті.  Өткен жылғы жапырақ және ұзақ қыс бойы жиналып қалған қоқыстар сол күні бірінен соң бірі келген жүк тасушымен шығарылып отырды. Жұмыс Строительная көшесінің барлық учаскесінде қызып тұрды. Бұрынғы Горняков МҮ жанындағы, саябақ аумағын да богатырльктер айналып өтпеді.

 Сенбілік күні орын алған жағдайды бәрінен артық оның белсенді қатысушылары әңгімелейді.

- Сенбілікке мен позитивті көңіл-күймен шықтым- дейді сату және көмір нарығы бойынша дирекцияның менеджері Ольга Шерешова. – Біз қоғамда өмір сүреміз, сондықтан менің ойымша, қоғамдық өмірдің барлық маңызды ісшараларына белсенді қатысуымыз керек. Бүгінгі сенбілікке мен өзімнің қызым Александрамен келдім, ол бар жоғы 2,5 жаста, бірақ ол осы сәттен үлкендерге көмектесуге тырысады. Туған қаламыздың 60-жылдығында,  гүлденіп өркендеуін тілер едім, ол үнемі таза әрі әдемі болып, бізді және көптеген қонақтарды қуанта бергенін қалаймын.

Әріптестер тілегін сыртқы экономикалық байланысты үйлестіру бөлімінің бастығы Анатолий Криницын  жалғастырды:

- Бұл сенбілікке «Богатырь Көмір» ұжымы  жалпыға бірдей іс – қаланы жаңарту үшін ұйымшыл бір команда болып шықты. Келісіңіздерші, біздің қаламыздың саябақтарымен көшелерін таза болғаны қандай жақсы. Жанашыл қаламыздың көркін қолдау үшін осындай ісшараларға танылды. Тағы айтарым, олардың жас ұрпақ үшін үлкен маңызы бар. Екібастұз қаласының 60-жылдығы қарсаңында барлық жерлестеріме жаңа еңбек шыңдарымен жеңістерге жетуіңе тілектеспін. 

     Міне, осындай жігерлі ниетпен «Богатырь Көмір» компаниясының жұмысшылары өткен демалыстағы жалпықалалық сенбілікке шықты. Атап өтетін бір жайт, бұл ісшараға «Богатырь Көмір» ЖШС 600-ге жуық қызметкерлері қатысты,  техниканың 30 бірлігі іске қосылды,  жалпы алғанда, 120 шаршы метр қоқыс жиналып шығарылды.

Қанат АЛДАБАЕВ

Сурет Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

Жаңалықтар тізіміне оралу