«Богатырь Көмір»: қорытындылар және жоспарлар

31.03.2017

   «Богатырь» кенішінің, Богатырь ЖКБ, бас энергетик қызметінің, ТЖЖЖБ, сонымен қатар атқарушы аппараттың  еңбекшілер ұжымымен кездесу барысында компанияның бас директоры Серік Раипов  кәсіпорын қызметінің аса маңызды сәттеріне назар аударды. Бұл ретте істің қазіргі жағдайын толық және объективті түсіну үшін, бас директор басталған нүкте ретінде «Богатырь Көмір» ЖШС 2015 жылғы қаржылай-шаруашылық қызметінің қорытынды көрсеткіштерін алды.

-  2015 жылы компаниямен  34 млн. 500мың тонна шығару кезінде тұтынушыларға 33 млн. 923 мың. тонна көмір тиелді. Түсім көлемі шамамен 55 млрд. тенгені құрады, – хабарлады Серік Раипов. – Бұнымен бірге, кәсіпорын айналым қаражаттарын толықтыру үшін екінші деңгейдегі банктерден қосымша қаржылай қаражаттарды тартты. Соңғы 8 жылда банкілік пайыздарды төлеуге ғана «Богатырь Көмір» жалпы сомасы 41млн. доллар жұмсады. Бұның барлығы жиынтықта кәсіпорынның қаржылық жағдайын ауырлатты. Кәсіпорын тап болған жағдайдың ауырлығын түсіне отыра, біз, бірінші болып жасағанымыз, ол 2016 жылдан бастап шығындарды төмендету бойынша ісшаралардың жиынтығын әзірледік, сонымен қатар банк алдында тәуелді болудан шығу -  қолданылатын шаралардың мақсаттарының бірі болды және болып қала береді. Бұл саясат өзінің оң жемістерін әкеле бастағанын айта кеткен жөн. Егер 2015 жылы  компания 33, 4 млрд. теңгені тартса, ал 2016 жылы барлығы жоқ 17 млрд. теңге ғана. Біз бан алдындағы қарыз алуларымызды едәуір төмендеттік.Егер 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банк алдындағы қарыз алуларымыз 14,6 млрд. теңгені құраса, ал 2017жылғы 1 қаңтарда ол 9,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Нақты айтарым – біздің компания толыққанды, егер біз дұрыс жоспарлауды үйренетін болсақ және бар реурстарымызды басқара алсақ, онда несиелік тәуелділіктен кете аламыз. Қағидалық  түрде өзге, сапалы деңгейге шыға аламыз. Біздің басты мақсатымыз – кәсіпорынды сауықтыру, жаңа күшке рухтану. Атап өткен жөн,  2016 жылы компания 2009жылдан бастап 2015 жылдар аралығында 3,5 млрд. теңге көлемінде айыппұл шараларын төледі,  ол кезде бизнес-жоспарда оған қаражат қаралмады.  Олардың ішінен 1,9 млрд. теңге   «КТЖ» ҰК АҚ вагондарын пайдаланған үшін айыппұл шараларын төлеуге және 2,1 млрд. теңге 2009жылмен 2012 жылдар аралығындағы кезең бойынша салық тексерісінің қорытындысы бойынша айыппұл төлеуге жұмсалды. Оның ішінде негізгі төлем  1,1 млрд. теңгені, өсімпұл – 0,5 млрд. теңгені және айыппұл бойынша резерв 0,5 млрд. теңгені құрады. Менің тапсырмаммен, 2013-2015жылдар аралығында қосымша айыппұл шараларын болдырмау үшін, салық міндеттемелерін қайта  есептеу жүргізілді, соның нәтижесінде  түзетулер сомасы шамамен 1,6 млрд. теңгені құрады. 

Акционерлермен әкімшіліктің Компанияның еңбекшілер ұжымы алдындағы өзіне алған барлық міндеттемелері орындалды.Өз тарапымнан сіздерден қолдауды  және басшылық жүргізіп отырған саясатқа белсене қатысуды сұраймын.

   Істердің жалпы жағдайын сипаттай отыра, Серік Раипов кездесу барысында тікелей компанияның  2016 жылғы қызмет қорытындысына көшті:

- Сіздер  өткен жылы қандай оңай емес жағдайда жұмыс жасауға тура келгенін көрдіңіздер, соған қарамастан, 32 млн. 500 мың. тонна жоспарлаған кезде 35 млн.тонна көмір шығарып арту біздің қолымыздан келді. Мен, осындай нәтижеге сіздердің еңбектеріңіздің арқасында жеттік деп санаймын. Сонымен бірге  2 млн. 400 мың. тонна көмірді өткен жылдың қыркүйегінен орын алған вагондарға берудің кідірісінен соңына дейін артуға шамамыз жетпегенін ескерген жөн.

    Серік Раипов түсіндіргендей, жоспарлы көрсеткішті асыра орындауға көмірдің әлеуетті тұтынушылармен белсенді келіссөз жүргізулермен қол жеткіздік. Павлодар облысында богатырь көмірін басты сатып алушылардың ішінде - тұтынатын көмірдің жылына 2,5млн.тонна кепілдік көлемімен «Павлодарэнерго» АҚ. Өткен жылдың өндірістік көрсеткіштері туралы айта отыра, Серік Раипов  2017 жылдың  жоспарлары туралы да сөз етті. 33 млн. 900 мың. тоннаны болжау кезінде компания менеджменті көлемі 40млн.тонна көмірді жеткізуге шарт жасай алды. Жүргізіліп жатқан келіссөздердің тиімділігін бас директор  9млн.тонна кепілдік көлемімен көмір жеткізуге «Богатырь Көмір» шарт жасасқан  Рефтинск МАЭС мысалында көрсетті, ал 10пайыз опцияны ескерумен, жеткізудің жалпы көлемі  9 млн. 900 мың. тоннаға жақындауы тиіс. Тұтынушылармен қатарлас ағымдағы жылға көмір жеткізудің үйлестірілген кестесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Көмір шығаратын компанияның басшысы компанияның құрылымдық бөлімшелерінің әрқайсысында іске асырылатын шығындарды төмендету бойынша ісшараларға жеке тоқталды. Мысалға, тек «Богатырь» кенішінің өзінде өндірістік шығындарды оңтайландырудан алынған жалпы экономикалық тиімділік 2016 жылы 575596, 8 мың. теңгені құрады. Кеніште бұрғылау жару жұмыстарының үрдісі едәуір жақсарды. Жүргізілен талдаумен экономикалық есепті негізге ала отыра, бағасы нарықтағы бағадан 2,5 есе төмен жеке өзіміз өндіретін ұңғымалы бекітпені, сонымен қатар ресей аналогынан 30пайызға төмен тұратын отандық өнім аммиакты селитр «колхозницаны» пайдалануға шешім қабылданды. Бас энергетик қызметінің тынымсыз еңбегі арқасында есеп беру кезінде «Богатырь Көмір» электр беретін құрылғыларының желілеріне заңсыз қосылған және көмір шығаратын кәсіпорын есебінен электр энергиясын бақылаусыз пайдаланған 26 компания анықталды. Бас энергетик қызметі әзірлеген энергияны үнемдеу бойынша ісшаралардан алынған үнемдеудің жалпы сомасы 194 млн. аса теңгені құрады. Жалпы алғанда 175 млн. теңге үнемділікті Богатырь жүк тиеп арту-көліктік басқармасындағы шығындарды төмендету бойынша ісшаралар әкелді. Сезінетін тиімділікті технологиялық көлік Басқармасы бойынша қабылданған шешімдер берді. Үлкен жүкті самосвалдарға техникалық қызмет көрсетумен айналысқан мердігер ұйымының ауысымы есебінен өзінде техниканың бір бірлігін күрделі жөндеудің құны 214млн-нан 160млн.теңгеге дейін  төмендеді. Бас директордың бірқатар компаниялармен ТКЖЖ зауытының қышқылды-компрессорлық стансасындағы еркін қуаттарды арту бойынша жүргізген келіссөздері де оң нәтиже берді.

   Компания басшылығы кадрларды даярлау және қайта даярлау үрдісіне көп мән береді. Циклді-толассыз технология жобасын енгізу кезінде құрамның қысқартылуын болдырмау мақсатында,  жұмысшыларды бірден бірнеше мамандыққа оқытуды ұйымдастыру ұйғарылады. Жалпы айтқанда, келешекте үлкен жүкті самосвалдармен тартқыш агрегатының қосымша топтамаларын сатып алуды ескерумен, көлік тасымалдаушы маманы тапшы болады. Есеп беру кезеңінде кәсіпорынның техникалық жаңғыртуына инвестицияның жалпы көлемі 3 217,1 млн. теңгені құрады, ал ағымдағы жылы сомасы шамамен 14 млрд.теңгені құрайтын инвестиция жоспары басқарушы акционер - «Самұрық-Энерго» АҚ мақұлданды және қазіргі уақытта бақылаушы акционер  «Русал» БК қарауында. Инвестицияның көлемін ұлғайту туралы ұсыныстарға көбінесе тұтынушыларға 40млн.тонна көмірді жеткізуге шарттар жасау септігін тигізді. Инвестицияның өсуі  кәсіпорынның техникалық бағын едәуір жанартуға мүмкіндік туғызады. Бөлінген қаражаттарға жаңа думпкарлар, тау кен жабдықтарын және машиналар сатып алу жоспарлануда.

  Екібастұздың әлеуметтік саласының пайдасына компанияның демеушілік қызметі де қайта қарауға тап болды. «Богатырь Көмір» ЖШС жаңа басшылығы  бұрын жергілікті «Екібастұз»  футбол клубын қаржыландыру үшін жұмсалған қаражаттарды қаланың көшелерімен аулаларын көріктендіруге, сонымен қатар балалар ойын алңадарын құруға қайта жіберуді ойға қонымды деп санады.  Мысалы, қала әкімінің келісімі бойынша Қонаев көшесінің жарықтандыруын қалпына келтіруге 18 млн. теңге жіберілді. Бас  директор сендіргендей, жыл сайын қала мұқтаждылығына «Богатырь Көмір»  70 млн-ға жуық. теңге бөлу ойы бар. Жалпы, 2016 жыл ішінде кәсіпорын қаланың және аймақтардың әр түрлі әлеуметтік жобаларына 199 млн. теңге жіберді.  Бас директор  бұл саясатты әрі қарай да жалғастыруға дайын екендігін білдірді. Едәуір қаражатты кәсіпорын «Жасыбай» демалысының жеке базасын дамытуға қосады. Жыл сайын компания аз қамтылған отбасылардың балаларына және жетім балаларға «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығына 200 тегін жолдама бөледі. Көрінетін қолдауды «Богатырь Көмір» жас мамандарға көрсетеді. 2016 жылы баспана сатып алуға және  тұрғын үй жағдайын жақсартуға жас мамандарға қарызға беру түрінде бөлінген қаражат көлемі 70 млн. теңгені құрады, осы жылы осы бағдарламаның бюджеті 100 млн. теңгеге дейін өсті.

   Кешті қорытындылай келе, Серік Раипов  Богатырь ЖКБ директоры Александр Григорьевке танытқан түсінігімен даналығы үшін өз ризашылығын білдіріп, оған 2016 жылдың қорытындысы бойынша компанияның ең үздік басшысы ретінде естелік қол сағатын табыс етті. Бас директор көмір шығаратын кәсіпорынның барлық еңбекшілер ұжымына да әрі қарай бірлесіп жемісті жұмыс жасайтынына сенімділік танытып, біруақытта табысты бірлескен жұмыс үшін алғыс білдірді. Компания жұмысшылары үшін жағымды жаңалық – мәлімделген өндірістік көрсеткіштерді орындаған жағдайда кәсіби мерекесі – Шахтер күніне сыйлықақыны 100 пайыз көлемінде төлеу туралы бас директордың акционерлер алдында өтініш ету ниеті болды. Кеншілер үшін тағы бір тосын сый – бас директордың тапсырмасы болды. Ол компанияның әр құрылымдық бөлімшесіндегі өндіріс озаттарының екі отбасын жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін «Березка» демалыс үйіне тегін жолдамамен ынталандыру. Кездесудің соңғы бөлігінде кәсіпорын басшысы  оның қатысушылары қойған сауалдарға жауап берді.

   Бас директордың орынбасары –өндіріс жөніндегі директор Сергей Платоновпен және компанияның атқарушы директоры Қайрат Рғайбектің технологиялық көлік Басқармасының, автобазаның және ТКЖЖ зауытының еңбекшілер ұжымымен есеп беру кездесулері де жұмыс күйінде өтті. Есеп беру барысында кәсіпорын басшылары   Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» кезекті Жолдауында белгіленген міндеттер туралы еске салды. Осы бағдарламалық құжатқа  негізделе отыра, компания басшылығы, «Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндірісінің болашақ жоспарын құрып жатқанын атап өтті.. Серіктестіктің атқарушы директоры Қайрат Рғайбектің ТКЖЖ зауытының ұжымымен кездесму кезінде атап өткендей, шығындарды төмендету және оңтайландыру бойынша іске асырылатын ісшаралар арқасында 2016 жылы тек бұрғылау жару жұмыстары бойынша ғана шығындарды үнемдеу 250 млн. теңгені құрады. Бас энергетик қызметімен энергия тиімділігін көтеру бойынша көп жұмыстар атқарылуда. Нақты мысалдар ретінде, Қайрат Рғайбек кәсіпорында энергияны үнемдейтін шамдарды кең қолданатынын, сонымен бірге таңбалы жарықтандыруды енгізетінін келтірді. Атқарушы директордың ақпараты бойынша,  ағымдағы жылы электр жабдықтарын жаңарту бойынша жұмыстарға 42 млн. тенгеге жуық бөлу жоспарлануда. Атқарушы директор ТКЖЖ зауытының басшылығын жабдықтармен станоктардың уақтылы жаңартудың қажеттілігіне баса назар аудартты.

«Богатырь Көмр» ЖШС басшылары ЭМАЭС-1, ЭМАЭС-2 және өзге де электр стансалары өндіріп шығаратын электр энергиясына  деген өсіп жатқан қажеттілік  богатырь көміріне деген нарық қажеттілігімен тұрақты сұранысты қамтамасыз ететініне сенімді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Сурет  Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

Жаңалықтар тізіміне оралу