Үлкені және кішісі, кәнекей, балық ауланшы

28.03.2017

Өткен сенбіде «Богатырь Көмір» ЖШС әуесқой – балықшылары өздерінің дәстүрлі мұз асты балық аулау жарысын өткізді.

Биыл балық аулау жарысы К.Сатпаев каналының мұз үстінде өтті. Біріншілікте «Богатырь Көмір» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінен 11 команда қатысты. Жарыстың жалпы жетекшілігі «Богатырь» кенішінің аршу жұмыстары кешенінің ауысым бастығы Игорь Нехорошевта болса, белсенді көмектескен бас энергетик Қызметінің энергодиспетчері Дмитрий Деккер. Жарыстың регламентін сақталуын «Богатырь» кенішінің механигі Алишер Садыков бастаған қазылар алқасы  қадағалады. 

Ескере кететін жайт, мұз астынан балық аулау жарысына деген қызығушылық  «Богатырь» ЖШС қызметкерлері арасынан жылдан – жылға артып келе жатыр. Богатырь ЖТКБ өзі жылдағыдай 4 команда емес, 5 команда шығарды. Оның біреуі зейнеткерлік демалыста жүрген бұрынғы қызметкерлерден тұрды. Команданың ең үлкен қатысушысы  Александр Максимович Махненко 78 жаста екенін ескере кету керек. 

Аязды күнге қарамастан жарысқа 80 адам жиналды және де барлығының жеңіске деген құлшыныстары жоғары болды. Жарыстың ережелеріне сәйкес, үш наминация бойынша жеңімпаз анықталуы тиіс. «Ең үлкен ауланған балық», «Ең үлкен балық», «Ең кіші балық». Тапсырманы орындауға 3 сағат берілді.

          Командалық біріншілікте ең көп балық аулаған Богатырь ЖТКБ  № 8 жол командасы болса, екінші нәтижені зейнеткерлер командасы көрсетті. Жалпы командалық үшінші орынды Богатырь ЖТКБ  «Эксплуатация» ЖҚД командасы. Шұңқырды 130 мм және 150 мм бұрғымен бұрғылауда жеке біріншілікте Александр Титов ("Богатырь" кеніші) және Талгат Койшин (Богатырь ЖТКБ). Айта кететін жайт, аталмыш сайыста Александр Титов үшінші жыл біріншілікті ешкімге бермей келе жатыр. Ең үздік балықшылар аңызы үшін сыйақы  біруыздан зейнеткерлер капитаны Лилия Алексеевна Соловьёваға бұйырды. Сонымен қатар ең үздік үштікке кірмеген командалар да ынталандыру сыйлықтарына ие болды: «Богатырь» кенішінің аршу жұмысы кешенінің командасы («Триада» конкурсы); Теміржол жабдықтарын жөндеу бойынша басқарма командасы («Ең көп балық аулаған»); Бас энергетик қызметі командасы («Ең жабдықталған команда»); БЖТКБ № 8 жол командасы (Командалық бұрғылау эстафетасы»);

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болды

Канат АЛДАБАЕВ

Жаңалықтар тізіміне оралу