Әлеуметтік серіктестік

13.02.2017

 

Ұжымдық шарт: кепілдіктер кеңейтілді. 
Өткен аптада «Богатырь Көмір» ЖШС-да кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің-жұмыскерлердің конференциясы өтті. Оның күн тәртібіндегі негізгі мәселесі 2017 – 2021 жылдарға арналған Ұжымдық шартты қабылдау болды.

Ұжымдық шарт: Кепілдіктер кеңейтілді. 

Өткен аптада «Богатырь Көмір» ЖШС-да кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерінің-жұмыскерлердің конференциясы өтті. Оның күн тәртібіндегі негізгі мәселесі 2017 – 2021 жылдарға арналған Ұжымдық шартты қабылдау болды.

 

Кәсіподақ конференциясының жұмысына 119 сайланғаннан 118 делегат, сондай-ақ «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Серік Раипов, бас директордың орынбасары Сергей Платонов, көмір өнеркәсібі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Екібастұз аумақтың кеңесінің төрағасы Николай Попов, серіктестіктің дирекция және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. 

    Серіктестіктің кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрула Тұратаев жиналыс жұмысын аша отырып алдымен конференцияның жұмысшы органының құрамын сайлауды ұсынды: президиум, хатшылық, редакция мандаты және санақ комиссиясы. Күн тәртібін және конференция регламентін бекіте отырып делегаттар жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Нұрлан Мукуловтың есептік кезеңде компания әкімшілігінің қолданыстағы Ұжымдық шарттың талаптарын орындаулары туралы ақпаратын тыңдады.

   Сосын ұйымның кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрула Тұратаев форумға қатысушыларға 2017 – 2021 жылдарға арналған «Богатырь Көмір» бастауыш кәсіподақ ұйымы мен әкімшілік арасындағы әлеуметтік – экономикалық мәселелер бойынша жаңа Ұжымдық шарттың жобасын ұсынды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы сөз сөйлеу барысында тепе-теңдік негізінде құрылған комиссия ұжымдық шарттың жобасымен үш айдан аса жұмыс атқарғанын атап өтті. Кәсіподақ комитеті компанияның құрылымдық бөлімшелерінде жинақталған барлық ұсыныстарды біріктірді. Қайрула Тұратаев бірлескен жұмыс тобы жаңа келісімді әзірлеу үдерісінде қолданыстағы құжаттың мазмұнын сақтап қана қоймай әлеуметтік кепілдіктер пакетін айтарлықтай кеңейткендеріне ерекше тоқталды. Соның ішінде құжаттың жаңа редакциясына сәйкес немерелері бар «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жұмыскерлері «Қарлығаш» балаларды сауықтыру орталығына бос жолдама болған жағдайда олар үшін жолдаманы 50%-дық жеңілдікпен ала алады.  Сондай-ақ отбасының бір мүшесі ҚР-мен белгіленген ең аз мөлшердегі еңбекақы алатын көп балалы отбасыларға, 3 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелет жасқа толмаған баласы бар жалғыз басты аналарға, жесірлерге отбасы құрамының анықтамасы мен балалардың туу куәліктерінің көшірмесін ұсынған кезде жылсайын көрсетілетін біржолғы материалдық көмектің көлемі ұлғайтылды. Сонымен қатар, балаларды бағып-күту демалысында отырған жұмыс істемейтін жалғыз басты аналарға баласы 3 жасқа келгенінше ай сайын төленетін материалдық көмектің көлемі отбасы құрамының анықтамасы мен балалардың туу куәліктерінің көшірмесін ұсынған кезде әр балаға 5 мың теңгеге ұлғайтылды.

Ауғанстандағы жауынгерлік іске қатысқан жұмыскерлерге 7 күнтізбелік күн қосымша ақылы демалыс беру қарастырылған.

Жаңа ұжымдық шарт қолданыстағы еңбек заңнамасы ережесінің мереке және демалыс күндерінде жұмыс істегені үшін төлеу бөліміне қатысты барынша кеңейтулер енгізді. Мысалы, Еңбек Кодексі бойынша демалыс және мереке күндері жұмысқа шыққандары үшін 1,5 есе көлемінде төленсе, жаңа ұжымдық шарт бойынша екі есе төленетін болады.

Жаңа ұжымдық шартты әзірлеген кезде ардагерлер туралы да енгізілген. «Экибастузкомир» АҚ мен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің құрылымдық бөлімшелерінде бес жылдан аса жұмыс өтілі бар жұмыс істемейтін зейнеткерлер мен мүгедектерге 55 жастан бастап әлеуметтік көмек төленетін болады. Мысалы, 55 жасқа толуына байланысты төлем сомасы 5 мың теңгені құрайды, 60 жасқа  - 6 мың теңге, 65 жасқа – 7 мың теңге, 70 жасқа және одан да басқа маңызды мерейтойларға – 8 мың теңге. Жаңа келісімде аталмыш әлеуметтік көмек есе есеге ұлғайтылған.

Сонымен қатар, «Богатырь Көмір» Қоғамдық қорында тұрған жұмыскер, зейнеткер немесе олардың жақын туыстары (жұбайы, балалары, ата-аналары) қайтыс болған жағдайда төленетін пайызсыз қарыздың көлемі де 40 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін көтерілді.

Жаңа ұжымдық шарт «Богатырь Көмір» БПҰ мүшелеріне-жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге де қатысты екенін ерекше атап өткіміз келеді. Келісімнің талаптарына сәйкес жұмыс беруші келіссөздер жүргізу және ұжымдық шартты жасау үшін «Богатырь Көмір» ЖШС БПҰ мүшелерінің-жұмыскерлердің бірыңғай өкілі және тең құқықты тарап ретінде оның төрағасын, «Богатырь Көмір» бастауыш партиялық ұйымын мойындайды.

Сондай-ақ жаңа ұжымдық шартта «Богатырь Көмір» бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі емес және оған қосылмаған, басқа кәсіподақта тұрмаған және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін өздерінің еңбекақыларынан 1%-ды есеп айырысу шотына аудармаған жұмыскерлер үшін де әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылған.

Үш жылға қабылданған сосын тағы екі жылға ұзартылатын бұрынғы ұжымдық шарттан осы шарттың айырмашылығы оның әрекет ету мерзімі бес жылға есептелген. 

          Конференцияның пленарлық бөлімінде сөз сөйлеген Богатырь ЖКБ кәсіподақ комитетінің мүшесі Александр Назаренко жаңа Ұжымдық шарттың ережесіне келісім берген бірлескен комиссия жұмысына жоғары баға берді және берілген редакцияда келісім жобасын қабылдауды ұсынды. Конференция барысында делегаттар бірқатар мәселелер бойынша пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Олардың барлығына жауап және нақты тапсырмалар берілді. 

          Кәсіподақ конференциясы қаулысының жобасын қатысушыларға қарастыруға «Богатырь» кенішінің кәсіподақ төрағасының өкілі Сергей Михайлюк берді. Делегаттар аталмыш қаулы және «Богатырь Көмір» бастауыш кәсіподақ ұйымының және серіктестік әкімшілігінің арасында 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық және еңбек қатынастарын реттеу бойынша жаңа Ұжымдық шарт үшін бірауыздан дауыс берді. Әлеуметтік серіктестік туралы келісімге компанияның бас директоры Серік Раипов және «Богатырь Көмір» БПҰ кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрула Тұратаев қолдарын қойды.

Конференцияға қатысушыларды жаңа әлеуметтік келісім қабылдауларымен аумақтық кеңес төрағасы Николай Попов құттықтады.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Жаңалықтар тізіміне оралу