Әлеуметтік жауапкершілік

25.01.2017

Жақсы және қажетті жобалар көп болсын.                                                                      «Менің Елім» деген атаққа ие болған «Самұрық-Қазына» АҚ компаниясы тобының қатысуымен өңірде өткізілген әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы өткен жұмада Павлодарда өткен қоғамдық тыңдалымда талқыланды. Дөңгелек үстелдің жұмысына қор, еншілес кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шараның спикері, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев тыңдалымды аша отырып «Менің Елім» бағдарламасы пилоттық тәртіпте басталғанда Павлодар облысы еліміздегі біріншілердің бірі болып қатарына енгенін ризашылықпен атап өтті. Аталмыш бағдарламаның мақсаттары мен құраушылары туралы қатысушыларды «Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік жобасының қызмет басшысы  Нұрлан Оразалиев және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобасының даму қорының бас директоры Ерлан Даримов  ақпараттандырды. Павлодар облысы тұрғындарының арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындыларымен «Бірлік» жергілікті қоғамдастық қорының басшысы Динара Айтжанова таныстырды. Тұсаукесер барысында Павлодар облысындағы «Менің Елім» бағдарламасының үрлестірушісі Эльмира Жаппарова түсіндіргендей жобаның негізгі бағыттары болып табылатындар: өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ азаматтық бастамаға қолдау көрсету арқылы жергілікті қоғамдастықты дамыту, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын өркендету, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру. Өткізілген пікір алмасу барысында тыңдалымға қатысушылар өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Соның ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің әлеуметтік даму басқармасының бастығы Бейбіт Мұқашев «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына Екібастұз қаласында жабық мұз айдыны бар балалардың спорттық-сауықтыру заманауи кешенін салудың жобасын енгізуді ұсынды, сондай-ақ «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығын дамытуға қордың қатысатындығына үміттенетіндігін білдірді. Қоғамдық тыңдалымның қорытындысы бойынша ағымдағы жылда бірлескен әрекеттер жоспарын жасап шығару шешілді.

Қанат АЛДАБАЕВ                                                                                                                

суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.  

 

Жаңалықтар тізіміне оралу