Ертіс біріктіреді
27.09.2026
Халықаралық «Ертіс: достық өзені – даму өзені» форумы Павлодарда Қазақстан мен Ресей өңірлерінің, мемлекеттік құрылымдардың, бизнестің және сарапшылар қауымдастығының өкілдерін басын қосты.
Форум жұмысына «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Евгений Мастернак қатысты.
Халықаралық форум алаңында қатысушылар шекара маңындағы аумақтарды, көлік қатынасын, өзара сауданы және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Мұндай кездесулер екі ел өңірлері арасында тікелей диалог орнатуға, пікір алмасуға және өзара іс-қимылдың жаңа нүктелерін табуға мүмкіндік береді.





