«Богатырь» тынысымен танысты

23.09.2026

Көмір қалай өндіріледі? Кенжардан қазып алынған соң ол қайда барайды? Алып карьер техникасы қалай жұмыс істейді және осы күрделі өндірістің бір минутқа да тоқтамауы үшін не қажет?

Осы сұрақтардың жауабын «Богатырь Көмір» ЖШС ұйымдастырған пресс-тур қатысушылары тікелей өндіріс басында алды. Шараның негізгі бөлігі «Көмір жолы: кенжардан вагонға дейін» экскурсиясы.

Журналистер мен блогерлер өндірістің басты нысандарын аралап, тау-кен техникасының жұмысымен танысты және көмір өндіру мен оны тасымалдаудың кезеңдерін өз көздерімен көрді.

Бұл экскурсия өндірілген әрбір тонна көмірдің артында күрделі технологиялық үдеріс жатқанын айқын көрсетті. Өйткені бұл – жай ғана көмірді қазып алып, жөнелту емес. Өндірістің үздіксіз жұмысы үшін техника мен жабдықтардың тұрақтылығы, оларға уақтылы қызмет көрсетіп, жөндеу, ең бастысы – түрлі мамандық иелерінің қажырлы еңбегі қажет.

Өндіріс нысандарын аралағаннан кейін қатысушылар компания басшылығымен «Көмір – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбындағы брифингте кездесті.

Журналистер кәсіпорын басшылары мен салалық мамандарына көкейде жүрген сұрақтарын қоя алды. Кездесу ашық әрі мазмұнды сипатта өтті: қатысушылар компания жұмысын талқылап, нақты жауаптар алды.

Меймандар «Богатырь Көмір» ЖШС-нің тынысымен танысып, мұндай ірі өндірістің қалай ұйымдастырылғанын тереңірек түсініп қайтты.


Жаңалықтар тізіміне оралу