Білек күші мықты

21.09.2026

БЖКБ-ның тарту агрегаты машинисті Евгений Ивашкин пауэрлифтингтен болған «ALTYN BATYR-VI» әлем чемпионатының бірінші кезеңінен бірден үш алтын медальмен оралды.

18–20 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында өткен жарыстың ауқымы да кең болып, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Үндістаннан келген спортшылар қатысты.

Евгений 67,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, өзі қатысқан үш бірдей сайыста да бірінші орынға ие болды. Ол жабдықсыз бітімге тартуда 180 келі, «Аполлон Аксель» армлифтинг-бір қолмен көтеруде 100 келі, ал «Аполлон-Аксель» бицепске зілтемір көтеруде 40 келі салмақты бағындырды.

Спортшыларымыздың әр жеңісі – біз үшін зор мақтаныш. Ал олардың әкелген жүлделері осы қуанышты еселей түседі.

Евгенийді тамаша нәтижесімен құттықтаймыз! Біз мақтан тұтар спортшыларымыздың барына қуаныштымыз!


Жаңалықтар тізіміне оралу