Қызықты ұсыныс

11.09.2026

Астана қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» – Тау-кен өнеркәсібіндегі ынтымақтастық форумына қатысушы бірқатар қытайлық кәсіпорындардың өкілдері бүгін Екібастұз қаласына арнайы келді. Сапардың негізгі мақсаты – еліміздегі ірі көмір өндіруші кәсіпорындардың бірі «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жұмысымен танысып, компания мамандарымен кездесу.

Кездесу барысында қытайлық компания өкілдері өздері өндіретін өнімдер мен заманауи технологиялар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, карьерлік өзі аударғыштарға пилотсыз басқару жүйелерін орнату жөніндегі ұсыныстарын таныстырып, шлам сорғылары мен көмірді құрғақ байытуға арналған жабдықтары жөнінде мағлұмат берді.

Қытайлық делегация сондай-ақ «Богатырь» кенішінің көру алаңында болып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен және қуатымен танысты. Сапар барысында шетелдік қонақтар қызықтырған сұрақтарын қойып, компания мамандарынан қажетті жауаптар алды.


Жаңалықтар тізіміне оралу