Жақсы жаңалық

10.11.2016

 

«Богатырь Көмір» техниканы жаңартты

«Богатырь» кенішінің техникалық паркін 130 тонна жүк көтергіштігі бар «БелАЗ-75131» маркалы жаңа карьерлік самосвалымен толықтырды.

Жаңа самосвалды тапсыру рәсімі 8 қарашада «Октябрьская» станциясындағы ТКЖЖ зауытының монтаждау алаңында өтті. Автомашиналардың техникалық параметрлерін есепке ала отырып оны Белоруссиядан Екібастұзға жеткізу толымдалған технологиялық тораптар партиясының түрінде жүзеге асырылады. ТКЖЖ зауытының мамандары келіп түскен көп тонналы жүк автомашиналарын жинақтау мен монтаждауға 26 қазанда кірісті. ТКЖЖ зауытының өкілдері жұмысқа дайын «БелАЗ-75131» карьерлік самосвалын технологиялық көлік Басқармасындағы әріптестеріне пайдалануға тапсырды. Оларда кезекте енді екінші көп тонналы автомашина тұр. Екі «БелАЗ-75131» самосвалын сатып алуға жіберілген инвестицияның жалпы сомасы 788 400 мың теңгені құрады. Карьерлік самосвалдарды жоспарлы сатып алу «Богатырь Көмір» ЖШС-да қабылданған негізгі тау-кен жабдықтарын жаңартудың бағдарламасы аясында орындалады.

Жаңадан түскен техника өз техникалық ресурсын атқарған карьерлік самосвалдарды ауыстырады. Сатып алынған техника тау-кен жұмыстарын дамыту бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етеді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Жаңалықтар тізіміне оралу