Ардагерлер мен мүгедектерге қолдау көрсетіледі

05.10.2016

 

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің қоғамдық қоры Қарттар күні мен мүгедектер Күнінің аясында 2 мыңдаған ардагер-кенші мен мүгедекке материалдық көмек көрсетеді.

«Богатырь Көмір» Компаниясы аға ұрпаққа қамқорлық көрсету мен көңіл бөлуді, мұқтаждарға көмектесуді өзінің борышы деп санайды.  Сондықтан осы күндері 26 қыркүйектен 2 қазан аралығында серіктестік әкімшілігінің қолдауымен 1,5 мың теңге көлемінде материалдық көмекті әр ардагер-кенші алады, 3 мың теңгеден бірінші және екінші топтың мүгедектері мен өндірісте жарақат алғандар, мүгедек балалары бар жұмыскерлер алады.   

 

«Богатырь Көмір» ЖШС-дағы ардагерлер мен мүгедектерге қолдау көрсету ылғи да серіктестіктің әлеуметтік саясатының бастамасы  болды және болып қалады. «Богатырдың» кеншілері бұдан әрі де осы үрдісті қолдайды.   

Жаңалықтар тізіміне оралу