Жұмысшы кәсібінің абыройын көтеру

05.10.2016

 

Өткен демалыста Қазақстанда үшінші рет жас мерекелердің бірі еңбек Күні аталып өтті. 2013 жылы Елбасының Өкімімен бекітілген аталмыш мереке жұмысшы кәсібінің абыройын көтеруге, қоғамдағы адам еңбегінің мәртебесін көтеруге арналған. «Богатырь Көмір» компаниясында бұған ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан еңбек Күнінде арнайы іс-шараларды өткізу қарастырылды.

            Еңбек күнін мерекелеу бағдарламасы оқушылар мен жұмысшы жастардың ардагер-кеншілермен кездесулерінен басталды. Еркін және үй жағдайында, қонақжай жазылған дастарқанның үстінде ардагерлер «Богатырдың» жас ізбасарларымен және қамқорлыққа алынған Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжінің балаларымен өткен өмірлерін еске алысты. Кенші кәсібіндегі алғашқы қадамдары мен «Богатырдың» тарихи жылнамасындағы атаулы оқиғалар туралы «Шахтер даңқы» белгілерінің толық кавалерлері Манат Сыздықов пен Сәбит Садықов балаларға әңгімелеп берді. Ардагерлер жастарға ерінбей жұмысқа беріліп еңбек етуді үйретті. Нағыз еңбек даңқының үлгісі ретінде кездесудің құрметті қонағы, еңбек майданына қатысқан Әнуарбек Әкімжановтың өмірбаяны айтылды. Соғыс жылдарының ауыртпалығын бастан кешірген ақсақал өмірінің маңызды бөлігін көмір өнеркәсібіне арнады. Толық сезімтал күш пен оптимизимге ие Әнуарбек аға жастарды жұмыстан қорықпауға, үнемі алдыңғы қатарда болуға шақырды. Құнды кеңестері мен берген тәжірибелері үшін ардагерлерді жас ұрпақтың атынан «Богатырь Көмір» ЖШС жастар қозғалысы бірлестігінің өкілдері Асылбек Нұрғалиев, Арман Серіков, Данияр Машрапов, Иван Завгородний алғыстарын білдірді. Ал Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжінің студенттері ардагерлер үшін арнайы музыкалық сыйлық дайындады. «Богатырь» көмір кенішінің тарихы туралы растайтын тарихи құжаттар мен фотоматериалдарды кездесуге келген қатысушылар еңбек даңқы залына экскурсия жасау барысында өз көздерімен көрді. 

            Еңбек күніне арналған іс-шараны «Богатырь Көмір» ЖШС-нің оқу-курстық комбинатының акт залында өткізілген салтанатты жиналыс жалғастырды. Компания әкімшілігінің атынан кеншілерді бас директордың орынбасары Сергей Платонов және жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Нұрлан Мукулов құттықтады, кәсіподақ бірлестігі атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрула Тұратаев жылы лебізін білдірді. Бұл мереке күні әріптестерін шын жүректен аға ұрпақтың атынан еңбек ардагері Любовь Михеева құттықтады.  

Салтанатты жиналыстың ерекше сәті өндірісті дамытуда айтарлықтай үлес қосқан жұмыскерлерді, серіктестіктің үздік тәлімгерлерін, сондай-ақ қызметкерлерді оқытуда белсене қатысқан жұмыскерлерді марапаттау болды.

Өндірісті дамытуда айтарлықтай үлес қосқаны үшін «Богатырская» ТЖЖЖБ ЖҚД жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь Николай Кривуца 3-дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісімен марапатталды; Бас энергетик қызметінің сынау және жөндеу жөніндегі жетекші инженері Арман Қайырбеков 2-дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісімен, «Богатырь» кенішінің №3 АжәнеҮЖУ экскаватор машинисі Сергей Шаршунович 1-дәрежелі «Шахтер Даңқы» белгісімен марапатталды.

Автобаза жүргізушісі Асхат Оқасов 2-дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен марапатталды; 1-дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен БКЖБ жол жөндеушісі Жанқара Көшербаев марапатталды.

«Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері» белгісі «Богатырь» кенішінің №1 УДР экскаваторының машинисі Сергей Селюжицкийге берілді.

«Серіктестіктің үздік тәлімгері» номинациясы бойынша алғыс хатқа ие болғандар:

«Богатырь» кенішінің №2 Жолының жол жөндеушісі Болат Дүйсенбаев, «Богатырь» кенішінің №3 УЭФ байланыс желісінің электржөндеушісі Ильшат Муфтахутдинов, БКЖБ №5 Жолдың жол жөндеушісі Асхат Алимханов, БКЖБ «Степная» ЖҚД тепловоз машинисі Владимир Капустин,  ТКЖЖ зауытының механикалық цехының фрезерлеушісі Максим Кох, Бас энергетик қызметі Богатырь кешенінің шағын станциясына қызмет көрсету жөніндегі электржөндеушісі Галина Лезнова.

«Жұмысшы мамандығын насихаттау» номинациясында БКЖБ вагон-пайдалану депосының аға шебері Валерий Козыковқа алғыс хат жіберілді.  

Бұл күні қызметкерлерді оқытуға белсене қатысқан көптеген жұмыскерлерге алғыс хаттар берілді. 

Еңбек күнінің қарсаңында «Богатырь Көмір» серіктестігінде «Мен өзіммен бірге жұмыс істеп жүрген еңбек адамы туралы айтамын» атты тақырыппен шығармашылық байқау өткізілді. Қорытындысы бойынша келесі жұмыстар үздік деп танылды: ТКЖЖ зауытының ОТК дефектоскописі Мөлдір Бексауытова (1-орын), Атқарушы аппарат әлеуметтік даму басқармасының аға инженері Анна Склярова (2-орын), Атқарушы аппарат басшысының хатшысы Балнұр Оразова (3-орын).

Мерекенің шарықтау шегі «Богатырь Көмір» Компаниясының бес еңбек әулетінің өкілдеріне бағалы сыйлықтар беру болды. Бес номинантқа кірген әулеттер: Цыгановтар, Ахметовтер, Тұрсынбаевтар, Мыңбаевтар, Федотовтар.

Мерекелік кеш бойы қонақтар мен салтанатқа қатысушыларға «Богатырдың» талантты жастары жақсы көңіл-күй сыйлады.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Жаңалықтар тізіміне оралу