«Богатырлық» жігіттер күш сынасты

21.04.2024

«Богатырь Көмір» компаниясының спорттық-сауықтыру кешенінде құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері арасында арқан тарту бойынша жарыстар өтті. Тартыс алаңында ТЖ кешені, ТКЖЖ зауыты, «Ударная» ЖҚД және ТКБ өкілдері кездесті.

Жарыстар қарқынды және бәсекелестікке толы болды, бірақ бұл спортшылардың көңіл көтеруіне және өз шеберліктерін көрсетуге кедергі болмады. Жеңіске деген ұмтылыстары оларға арқанның әр сантиметрін өз жағына қарай тартып әкетуге көмектесті.

Күш пен жақсы спорттық дайындықтың арқасында ТЖ кешенінің командасы бірінші орынды, екінші орынды – ТКЖЖ зауыты иеленді. Үшінші орын «Ударная» ЖҚД командасына бұйырды. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.


Жаңалықтар тізіміне оралу