Кәсіпорындағы өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау

19.04.2024

«Богатырь Көмір» компаниясында өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау тақырыбында жиналыс өтті. Онда 2024 жылдың бірінші тоқсанына қорытынды жасалды. Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директор Тулеген Маямерұлы Максиловтың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында директивалық тапсырмаларды, оның ішінде «2024 жылға арналған өндірістік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралар жоспарын», 2023 жылдың қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмаларды орындау, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол бермеу жөніндегі шаралар туралы ақпарат айтылды. Өндірістік қауіпсіздік, жұмыскерлердің еңбек жағдайлары жайында мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, ТКБ, БЖКБ және «Богатырь» кенішінің көлік құралдарын ауа баптағыштармен және жұмыскерлерді арнайы тамақпен қамтамасыз ету мәселелері сөз етілді.


Жаңалықтар тізіміне оралу