Оқушыларға кәсіптік бағдар беру

10.04.2024

«Богатырь Көмір» кадр мамандары «Өнер» мәдениет үйінде өткен мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесуге қатысып қайтты. «Option tour» жобасы алаңында жиналған жастар қауымына қаламыздың ірі кәсіпорындарынан келген өкілдер мамандық таңдауда және де кейін жұмысқа орналасуда бағыт алуға көмек көрсетті.

«Богатырь Көмір» спикері – жеке құрамды басқару бөлімінің сектор бастығы Дана Кабдуовамен ұсынылған баяндамада кәсіпорынның қысқаша тарихы, негізгі атқаратын ісі, мамандық түрлері, қоғамға әкелетін пайдасы айтылды. Болашақ кәсіби маман болу мақсатында қандай қадамдар жасалуы керектігі жайында кеңес берілді. Сондай-ақ, сөз соңында оқушылар «Богатырь Көмір» компаниясына арнайы экскурсияға шақырылды. Ол үшін шара аяқталған соң тіркелу ұсынылды.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастырылуымен жүргізілген аталмыш шараға қаламыздың жоғары және арнайы орта білім беру мекемелерінің белсенді студенттері де үлес қосты. Әрқайсысы әзірлеп келген үгіттеу жұмыстарын экран бетіне көрсетіп, оқушылардың назарларын өз оқу орындарына аудартуға тырысты.


Жаңалықтар тізіміне оралу