«Богатырь Көмір» учаскелері арасындағы байқау

09.04.2024

«Богатырь Көмір» компаниясында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластырылған айлық шеңберінде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында «Үздік өндірістік учаске (цех)» және «Үздік вагонша» байқауы өткізілуде.

Шешімді Азаматтық қорғау және еңбекті қорғау басқармасының мамандары, кәсіподақ ұйымдарының және оқу-курстық комбинаттың өкілдері бар комиссия шығаратын болады. Олар құжаттаманың дұрыстығын – нұсқамалар журналдарын, регламенттерді, ТҚ бойынша көрнекі үгіттің бар-жоғын, жеке қорғаныс құралдарының, өрт сөндіру құралдарының, жұмыс құралдарының жай-күйін, нысандардың электрқауіпсіздігін және әлеуметтік-тұрмыстық шарттары тексереді.

Номинациялардың жеңімпаздары туралы шешім барлық іс-шаралар аяқталғаннан кейін шығарылады.


Жаңалықтар тізіміне оралу