Қызметкерлерге арналған семинар

08.04.2024

Халықаралық үлгідегі сертификаттарды «Cert Academy Kazakhstan» ЖШС-нің қатысуымен «Богатырь Көмір» оқу-курстық комбинатында ұйымдастырылған семинарға қатысушылар алады.

Сәуір айының басында «Менеджменттің интеграцияланған жүйесінің ішкі аудиторы» тақырыбында оқыту өтті. Дәріскер ретінде көп жылдық тәжірибесі бар IRCA халықаралық аудиторы Зозулин Евгений сөз сөйледі. Ішкі аудиторларды дайындау Серіктестікте менеджменттің интеграцияланған жүйесін жетілдіруге және оны өзекті жағдайда ұстауға мүмкіндік береді. Курсқа барлығы компанияның 14 қызметкері тартылды. Олар өз құзыреттерін дамыту және жаңа перспективаларды ашу мүмкіндігі үшін зор алғыстарын білдірді.


Жаңалықтар тізіміне оралу