«Жаттығуды баста!»

05.04.2024

Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Богатырь Көмір» компаниясында құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін жаттығулар өткізілді. Бұл іс-шара жұмысшылар үшін бірге жиналып, күнді жағымды эмоциялармен бастауға тамаша мүмкіндік болды.

Кәсіпорын белсенділері таңертеңгі гимнастиканың құпияларымен бөлісіп, спорттық көңіл-күйді сезінуге көмектесті. Олар қызметкерлерге денелерін ширатуға және белсенді еңбек қызметіне дайындалуға көмектесетін жаттығулар жиынтығын таңдады.

Таңертеңгілік жаттығулар ұжымды салауатты өмір салтына ұмтылуда шабыттандырудың және қолдаудың тамаша тәсілі болды. Шараның барлық қатысушылары бүкіл жұмыс күніне және алдағы демалыс күндеріне сергек көңіл-күй алып қайтты.


Жаңалықтар тізіміне оралу