Ауызашар

03.04.2024

Қасиетті Рамазан айында ауызашар беру үлкен сауапты іс саналмақ. Бұл ізгілікті істен «Богатырь Көмір» компаниясы да шет қалмады. Екібастұз қалалық мешітте ораза ұстаған қызметкерлер үшін ауызашар ұйымдастырылды.
Құран бағышталып, мұсылман қауым дастархан басында дәм татып, ауыз ашқан соң қалалық мешіттің наиб имамы Мухамедияров Асхат оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде, берілетін садақа, қайырымдылық шаралары туралы және оразаның тәрбие мектебі екенін әңгімесіне арқау етті. Ораза ұстау адамдарды жақсылыққа бастап, мейірімділікке баулып, бір-біріне деген қамқорлығын арттыратын ұлық іс екенін еске салды. Сонымен қатар ораза айында ауызашар беруді ұйымдастырып отырған «Богатырь Көмір» басшылығына алғысын білдірді.


Жаңалықтар тізіміне оралу