Апгрейд

29.03.2024

«Богатырь Көмір»-дің технологиялық көлік басқармасы Cat D8 жаңа бульдозерімен толықтырылды. Аталған модельдің техникасы компанияда осымен үшінші, олардың айырмашылығы қуаттылығында.

Машина бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу үшін кенжарларды жоспарлау және тазалау, т/ж жолдарын төсеу үшін тасжолдарды дайындау, қазандықта көмір беру бойынша жұмыстарды жүргізу, қиыршық тас «конустарының» көмір қатарларын қалыптастыру және басқа да шаруашылық жұмыстарына арналған. Оператордың кабинасы аударылған кезде қорғанысқа ие екенін, герметикалық және ауаны баптау, оны салқындату және тазарту жүйесімен жабдықталғанын ерекше атап өткен жөн.

Көлікті басқаратын 5 машинист-маман оқудан өтті. Компания қызметкерлерін бульдозер жұмысының қыр-сырымен Borusan Cat жеткізуші компаниясының Қазақстандағы өкілі таныстырды.


Жаңалықтар тізіміне оралу