Қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудиті

20.03.2024

«Богатырь Көмір» компаниясының негізгі мақсаттарының бірі – қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қауіпті өндірістік объектілерде авариялар қаупін азайту болып табылады.

Жоғары буын басшылары өндірістік жұмыстарды орындау кезінде әлсіз жақтарды анықтау мақсатында жұмыс орындарын аралауда.

2024 жылдың 18 наурызында «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Николай Корсаков қауіпсіздіктің көшбасшылық мінез-құлық аудитінің (ҚКМА) кестесін орындау шеңберінде «Богатырь» кенішінің өндірістік алаңдарында ҚКМА өткізді. Онда ол НITACHI № 005, ЭКГ-12К №1607 экскаваторы машинисттерімен жеке әңгімелесуде проблемалық мәселелерді және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды мен нормаларды орындау қажеттілігін талқылады.


Жаңалықтар тізіміне оралу