Футзал шеберлері

23.03.2024

«Богатырь Көмір» спорттық-сауықтыру кешенінде Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шағын футболдан турнир өтті. Кубокқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты. Спорттық залда жеңімпаз атағы үшін күресуге дайын он екі команда жиналды. Матчтар барысында футболшылар қарсыластардың қақпасына гол соғуға тырысып, өздерінің шеберлігі мен ептілігін көрсетті. Әр команда жеңіске жету үшін айла-тәсілдерін мұқият жоспарлады.

Қарқынды күрестің нәтижесінде Аршу кешені командасы бірінші орынды жеңіп алды, екінші орын БЖЖУ спортшыларының еншісінде.

Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлықтармен ынталандырылды.


Жаңалықтар тізіміне оралу