Мерекелік дәм

20.03.2024

Наурыз мерекесі қарсаңында «Богатырь Көмір» бөлімшелерінің қызметкерлерін қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татқызып қарсы алды. Осылайша көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында кеншілер көне халық дәстүрін ұстанып, ізгі тілекпен, жомарт дастарханмен көптен күткен көктемнің келуін, табиғаттың жаңару мен ояну мерекесін тойлады. Бұл күні позитивті көңіл-күй мен көктемнің жақындап келе жатқан мерекесін сезіну сәті орын алды.

Наурыз мейрамында сіздерге және жақындарыңызға амандық пен береке тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу