Жасалғаны аз емес – әлі де тыңдырар іс алда

02.04.2015

 

Өткен жылдың өндірістік жетістіктерімен және ағымадғы жылдың келешектегі міндеттері туралы «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығымен темір жол жабдықтарын жөндеу бойынша Басқарманың еңбекшіл ұжымының кездесуінде сөз болды. Өткен жылдың жұмыс қорытындысымен және  алдағы жылға арналған өндірістік жоспарлармен  кездесу қатысушыларын «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының жалпы мәселелер және шаруашылық қызмет жөніндегі орынбасары Қайрат Рғайбек таныстырды.
 

Кез келген кәсіпорынның экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіші – өндірістік тауарлардың көлемі. Әлемдік экономикаға жағымсыз беталыстармен туғызылған барлық қиындықтарға қарамастан, «Богатырь Көмір» Компаниясы, жалпы алғанда, көмір шығару қарқынын сақтай алды.  38,83 млн. тонна жоспарлы көрсеткішпен шындығында, көмір шығару  2014 жылы 38,0 млн. тонна көмірді немесе 97,9 пайызды құрады. Биылғы жылдың жоспарында – көмірді шығару және арту 37,0 млн. тонна көлемінде. Өткен жылғы инвестицияның жалпы көлемі 6 193,5 млн. тенгені құрады, оның ішінде техникалық жарақтандыруға 826,8 млн. тенге жіберілді.  Еңбекті қорғау, экологиялық, өнеркәсіптік  және өрт қауіпсіздігіне кәсіпорынмен 88,9 млн. тенге, ресурстарды қорғау бойынша ісшараларға 26,5 млн. тенге жұмсалды. Сонымен қатар, «Жасыбай» демалыс орталығының аумағын  абаттандыруға және өзге де әлеуметтік ісшараларға 36,1 млн. тенге инвестицияланды. Өндірістік қуаттылықты дамыту және қолдау бойынша ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстары жалпы сомасы 154,4 млн. тенгеге орындалды.

«Богатырь Көмір» ЖШС 2015 жылға арналған инвестициялық жиынтығы сомалық көрсетілімі 9624,6 млн. тенгені құрады. Бұл қаражаттарға, жекелегенде,  «Богатырь» кенішінде шығарудың авто-конвейерлі технологиясын енгізу жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыруға кірісу болжалануда. Одан басқа,  әрекеттегі өндірістің техникалық қайта жабдықтауын жүргізу жалпы сомасы 1252,8 млн. тенге. Сонымен, жетілдіру бағдарламасы аясында орындалатын  болады: үшінші таразылымөлшерленген орынды салумен «Ударная» стансасының темір жол сызбасын қайта құру; «Батыс» стансасының бар темір жол сызбасын оны 9,10 учаскелердің стационарлы борттарына көшірумен  қайта құру. Еңбекті қорғау, экологиялық, өнеркәсіптік  және өрт қауіпсіздігі бойынша ісшараларға 111,5 млн. тенге, ресурстарды қорғау бойынша ісшараларға 67,5 млн. тенге, «Жасыбай» демалыс орталығының аумағын  абаттандыруға және өзге де әлеуметтік ісшараларға 4,1 млн. тенге жұмсау көзделді. Одан басқа, өндірістік қуаттылықты дамыту және қолдау бойынша жобалық жұмыстарғды орындауға жалпы сомасы 223,9 млн. тенге жұмсау жоспарланды.

«Богатырь Көмір» компаниясы  еңбекшілердің әлеуметтік кепілдемелері мәселесіне ерекше мән береді. 2011-2014 жылдары аралығында қабылданған ұжымдық шарт 2015 жылға дейін ұзартылды. Ұжымдық шарт жағдайымен сәйкес 2014 жылы ісшаралардың толық  кешені іске асырылды. Әсіресе: 2014 жылдың 1 қаңтарынан Павлодар облысындағы  инфляцияның деңгейіне сәйкес, тарифтік мөлшерлемемен еңбекақы мөлшерлемесіне 5 пайызға индекстеу жүргізілді. Одан басқа, өткен жылдың 1 сәуірінен   тарифтік мөлшерлемемен еңбекақы мөлшерлемесін 10 пайызға өсіру жүргізілді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша  белігленген айлық тарифтік мөлшерлеменің, еңбекақы мөлшерлемесінің 100 пайыз мөлшерінде сыйақы төленді. 2014 жылдың қортындысы бойынша да 2015 жылдың 1 тоқсанында сыйақы төлеу жоспарлануда. Шахтер күні кәсіби мерекесіне айлық тарифтік мөлшерлеменің, еңбекақы мөлшерлемесінің 50 пайыз мөлшерінде сыйақы төленді. Одан басқа, 2014 жылы тарифтік мөлшерлемемен еңбекақы мөлшерлемесінің индекстеуіне қосымша   бұрын сыйақыланбаған 72 жұмысшылар үшін жабдықтау өнімділігінің және өндірістің көрсеткіштерін орындағаны және екі есе орындаған үшін уақытша сыйақыны енгізу есебінен серіктестік жұмысшыларының еңбек ақысын өсіру жүргізілді.

Жаңадан енгізілген жабдыққа бекітілген жұмысшыларды уәждеу тәжірибесі жалғасын тапты,  белгіленген тау кен  салмағының жылдық көлемін орындауға экскаваторлық бригадалармен шарттар жасалынды. Бір жылдық жұмыстың қортындысы бойынша 2014 жылдың желтоқсанында  № 1901 және № 1902 ЭКГ-15М, № 1603 және № 1604 ЭКГ-12 УсМ экскаваторлық  бригадаларға және № 1605 ЭКГ-12 УсМ экскаваторының жаңадан ұйымдастырылған  бригадасына, жылдық жоспарды орындаған және екі есе орындағандары үшін 21576,1 мың. тенге сомасына біржолғы сыйақы төленді. Жалпы алғанда,  2014 жылы әлеуметтік кепілдемелермен жеңілдіктерге кәсіпорынмен  499,2 млн. тенге жұмсалды.

2015 жылдың 1 қаңтарынан  Серіктестіктің  барлық жұмысшыларына Павлодар облысының инфляция деңгейіне 7,5 пайыз тарифтік мөлшерлемемен еңбекақы мөлшерлемесіне  индекстеу жүргізілді. 2015 жылдың қаңтарында  өндірістің белгіленген көлемін орындауға шарттар жасалынды: № 1603 және №1604 ЭКГ-12 УсМ ашу экскаваторларының бригадаларымен (жабдықтың өнімділігін көтерумен шарттар  бойынша жұмыстарды жалғастытру); үйінділі, ақпанда жаңадан енгізілген № 1501 ЭКГ-10 экскаваторымен, «Богатырь» кенішінің бұрғылау және жару жұмыстары учаскелерінің жұмысшыларымен; ТКБ HD785-5 комнатасының  модельді қатарының үлкен жүкті самосвалдарының бригадаларымен. Ұжымдық шартпен қарастырылған барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы жалғасуда.

«Богатырь Көмір» ЖШС басшылығы өз артықшылығы қатарына жұмысшылардың кәсіби деңгейін көтеруді жатқызады. Біліктілігін көтеру курстарында 303 қызметкерді сырттай оқытумен байланысты шығындардың өзіңе ғана «Богатырь Көмір» ЖШС 85 млн.  тенге жіберді. Кәсіпорынның оқыту-курстық комбинатындағы ішкі оқытуынан 6550 адам өтті, оқу ағымымен 12587 адм қамтылды. Шығындардың жалпы сомасы  6,5 млн. тенгені құрады. «Богатырь Көмір» ЖШС бақсару жүйесіне  бизнес-үрдістермен  басқару тиімділігін көтеруге шақырған Lean Six Sigma әдіснамасы табысты енгізілуде. Бүгінгі күні «Богатырь Көмір» ЖШС – қара белдікке 14, және жасыл белдікке 21 қызметкер ие.

Кәсіпорын қызметінің  аса маңызды бағыттарының бірі  оқу орындарымен әлеуметтік серіктестікті реттеу болып табылады. Жыл сайын серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінің базасында кәсіби практикадан 1000 аса студенттер мен оқушылар өтеді. Кәсіпорынның оқыту-курстық комбинатында практика аяқталғаннан кейін практикадан өткендер біліктілік емтихандарын тапсырады да, содан кейін оқу бағдары бойынша жұмыс мамандығына куәлік алады. Компанияда дуалды оқыту бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда. «Богатырь Көмір» компаниясының тұрақты серіктестігі – «Токарь» және «Электр газды дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша 10 адаммен мақсатты дайындықты жүргізіп жүрген Екібастұз тау кен техникалық колледжі. «Богатырь Көмір» ЖШС 20 мың тенге көлеміндегі айсайынғы атаулы шәкіртақысын 2014 жылы қалалық колледждердің 14 оқушылары алды. «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «машина жасау», «көлік, көлікті техника және технология» тапшы мамандықтары бойынша ЖОО-нда оқып жүрген  серіктестіктің жеті жұмысшысына оқу ақысы төленді. «Пайдалы кен қазбалар орнын жер асты шығару», «гидравликалық машиналар» мамандықтары бойынша оқып жүрген Екібастұз инженерлі-техникалық институттың студенттеріне сомасы 1039800 тенгеге 3 грант, «Маркшейдерлік іс» мамандығы бойынша оқуға Екібастұз инженерлі-техникалық институты колледжінің студентіне сомасы 140000 тенгеге 1 грант бөлінді. 2009 жылдан бастап, кәсіпорында жастар практикасынан 200-ден аса адам өтті, оның 85-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

2014 жыл ішінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нде «Казанада ЖШС үйлестірушісі болып табылатын «Салауатты өмір салты» бағдарламасы бойынша ісшаралардың іске асырылуы жалғасты. Денсаулық сақтау орындарының жағдайында қаламыздың медициналық мекемелеріне  жеткізумен және госпитальға жатқызумен дәрігер алдындағы және дәрігерлік медициналық көмек уақтылы көрсетілуде. Мысалға айтсақ, «Богатырь» кенішінің денсаулық сақтау орнының базасында физиотерапевтік кабинет жұмыс ұйымдастырылған, ол жерде  сүйек-бұлшық ет жүйелері ауруларын алдын алу және емдеу мақсатында  «Ceragem» уқалау кереуеті орнатылған. ТКЖЖ зауытының медициналық орнындағы базада «Казанада» ЖШС медқызметкерлері СӨС орталығымен бірлесіп  жүрек-тамыр және сүйек-бұлшық ет жүйелері ауруларын алдын алу бойынша акциялар өткізуде. 2014 жыл ішінде қаламыздың жеке меншік емханаларында жоспарлы стационарлық емделуді 1692 адам алды. Амбулаторлық зерттеумен емделуден 4515 адам өтті. Алдын алу және жұмысшыларды сауықтыру мақсатында «Мойылды» санаториясына және «Белокуриха» курортына жолдамалар алуға шарттар жасалады».

«Богатырь Көмір» компаниясында  тұрғын-үй  бағдарламасы табысты  іске асырылуда. «Богатырь Көмір» жұмысшыларына қарыз беру тәртібі туралы»  әрекет етуші Ережесімен сәйкес, 2014 жылы тұрғын-үй жағдайын жақсартуға 39 жұмысшыға жалпы сомасы 32,4 млн.тенгеге пайызсыз қарыз берілді.

 «Богатырь Көмір» ЖШС  қаламыздың және аймағымыздың  әлеуметтік жобаларына да белсенді түрде қатысады. Бір сөзбен,  ақпараттық кездесуде айтқандай, кеншілерге мақтануға тұрарлық нәрсе бар – жасалғаны аз емес – әлі де тыңдырар іс алда.

 

 .

 

Қанат АЛДАБАЕВ.

Сурет автордікі.

 

Суреттерде:

мінбеде баяндамамен «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының жалпы мәселелер және шаруашылық қызмет жөніндегі орынбасары Қайрат Рғайбек;

- кездесуге қатысушылар – Темір жол жабдықтарын жөндеу бойынша Басқарманың жұмысшылары. 

Жаңалықтар тізіміне оралу