Жаңа шыңдарға

19.01.2024

Бүгін «Богатырь» кеніші әкімшілік-тұрмыстық кешенінің залында компанияның жас мамандары жиналды. Бұған себеп – кәсіпорынға қарасты Біріккен жастар қозғалысының жаңа төрағасын ұлықтау рәсімін өткізу болды.

Іс-шара Жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директор Азат Макеновтың сөзінен басталды. Ол Біріккен жастар қозғалысының белсенділеріне атқарылып жатқан жұмыстары үшін алғысын жеткізіп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.

Залға жиналған жастар қауымына БЖҚ белсенділерімен арнайы дайындалған бейнеролик экран бетіне ұсынылды. Онда жастар қозғалысының негізгі міндеттері, жұмыс барысы мен бағыты көрсетілді.

Концерттік бағдарлама жастар қозғалысының құрамына кіретін өнерпаздардың өнерлерін көрсетуімен жалғасын тапты. Сахна төріне бүгінгі күнге дейін компанияның жастарына жетекшілік еткен БЖҚ төрағасы Қуаныш Уәлиев шақырылды. Ол өз кезегінде дауыс беру арқылы жеңіп шыққан жаңа төраға Рустем Копишевке міндеттерін табыстап, оған сенім білдіретінін жеткізді.

Айта кететін жайт, биыл Біріккен жастар қозғалысы өздерінің 20 жылдықтарын атап өтеді. Осы мерзім аралығында белсенділермен жүргізілген жұмыстар қатары қыруар. Олардың қызметі жастар арасында шығармашылық, әлеуметтік белсенді және заңға бағынатын тұлғаларды қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Бұдан бөлек еріктілер құрамында жүрген жастар да бар.


Жаңалықтар тізіміне оралу