Әлеуметтік жауапкершілік

11.01.2024

Қыс мезгілі – бұл жылумен жабдықтаудың сенімді және тиімді жұмыс істеуі тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін ерекше маңызды болатын уақыт. Өткен жылы «Богатырь Көмір» қызметкерлері жұмысының арқасында бүлінген жылу желілері қалпына келтірілді, бұл Екібастұздың көптеген үйлерінде тиісті жылуға кепілдік беруге мүмкіндік берді.

Компания қаламен осы бағытта жұмыс жасауды жалғастырды. 15-29 желтоқсан аралығында жылу желілерінде апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 3 кәсіби бригада құрылды. Олардың құрамына «Богатырь Көмір» құрылымдық бөлімшелерінің мамандары кірді: «Богатырь» кеніші, БЖКБ және ТЖЖЖД. Қызметкерлердің күшімен дәнекерлеу , құбырларды ауыстыру, мұзы еріген жылыту жүйесін бөлшектеу, құбырлардан су сору, регистрлерді орналастыру, жылуды іске қосу, жылу трассасының жарылған жерлерін жөндеу, үйлерді жылыту жұмыстары жүргізілді. Келесі көшелеріндегі учаскелер жөндеумен қамтылды: Дүйсембаев; Интернационалисттер-Целинная; 11-Южная; 13-Южная; 22-Южная; Казахстанская; Мәшһүр Жүсіп; Әди Шәріпов; Железнодорожный тұйық көшесі; Жамбыл; Қонаев; Әлмұхамедов; Қарағанды-Некрасов көшелерінің қиылысы; Екібастұз қалалық ауруханасы ауданында.

Бұл қайырымдылық көмек қала құраушы кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігін және қиын жағдайларда көрсеткен көмегінің нышаны болып табылады.


Жаңалықтар тізіміне оралу