«Богатырлық» жүлдегерлер

10.01.2024

«Богатырь Көмір» қызметкерлері компанияның спорттық қоржынын жаңа наградалармен толықтырды. Біздің спортшылар Санкт-Петербург қаласында өткен джиу-джитсудан (ACBJJ WORLD OPEN CAMPIONSHIP GI & NO – GI 2023) әлем чемпионатында күміс және қола медальді жеңіп алды. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Моңғолия, Ресей, Бразилия және басқа елдерден барлығы 1300-ден астам спортшы қатысты.

Нәтижесінде, «богатырлық» спортшылардың ептілігі мен табандылығының арқасында олар жүлделі орындарға ие болды. Ресурстарды қорғау жөніндегі дирекцияның аға инспекторы Ивраим Сәрсембаев екі жекпе-жекте жақсы нәтиже көрсетіп, «күміс» медальді жеңіп алды. Сондай-ақ, өзінің спорттық рухын көрсете отырып, «Богатырская» ЖҚ депосы бастығының орынбасары Максим Мартыненко лайықты «қола» медалін иеленді.


Жаңалықтар тізіміне оралу