Білгіштер ойыны

26.12.2023

«Богатырь Көмір» қызметкерлері «Мозго-бум» ойынында әріптестермен көңілді уақыт өткізіп, білімдерімен сынасты.

Интеллектуалды ойынның соңғы туры үздік ойыншылардың басын қосты. Бұл күні барлығы 7 команда мәлімделді: «Уголек», «Автоботы», «ОМД», «Код да Винчи», «Пигтейлы», «Безбашенные», «Позитивный финик». Қатысушыларға 50-ден астам сұрақпен 7 раундтан өту ұсынылды. Әр дұрыс жауап 1 ұпайға теңестірілді. Бір тақырыпты талқылауға 30 секунд бөлінді.

Бірлесе отырып, команда мүшелері залдағы экрандарда көрсетілген тапсырмаларды орындады. Олардың кейбіреулері суреттерде жұмбақ түрінде жасырылды. Тапсырмалардың мағынасын ашу үшін қатысушылар ой-түйсіктеріне жүгінді. Бұдан бұрын өткен турларға қатысу тәжірибесі ойыншыларға сұрақтарға оңай жауап беруге көмектесті, дегенмен олардың арасында неғұрлым білімді қатысушылар анықталды.

2023 жылғы зияткерлік турнирді өткізу қорытындысы бойынша келесі позициялар анықталды:

1 орын – «Автоботы» командасы (Автобаза);

2 орын – «Позитивный финик» командасы (Атқарушы аппарат);

3 орын – «Пигтейлы» командасы (Телекоммуникация қызметі).

Жеңімпаздарға мереке қарсаңында жаңа жылдық бонус ретінде бағалы сыйлықтар табыс етілді.


Жаңалықтар тізіміне оралу