Оқыту

20.12.2023

«Богатырь Көмір» Оқу-курстық комбинатында Caterpillar фирмасының жаңа техникасын игеру бойынша қызметкерлер оқытудан өтті.

2023 жылы Серіктестік жаңартылған САТ 777Е самосвалдарының екі бірлігін сатып алды. Аталған компанияның ауыр жүк көліктері қазірде кәсіпорында сәтті жұмыс істеп тұр, ал сатып алынған техника өндірістік қажеттіліктерді ескере отырып жаңартылды.

ТКБ жүргізушілеріне арналған курсты «Борусан Макина Казахстан» ЖШС өкілі Нариман Амангелдиев жүргізді.    

Теориялық оқудан өткеннен кейін Технологиялық көлік басқармасының жұмыс алаңында өткен сабақтарда жүргізушілер іс жүзінде маневрлік, дәл рульдік басқару, диагностикалық деректер архивіне қол жеткізу, еңістерде электронды тежеу, артқы доңғалақтардың сырғанауын бақылау, жақсартылған шолып қарау және жүргізушіге арналған жайлы кабиналар сияқты жаңа мүмкіндіктермен танысты.

Қызметкерлердің оқу барысында алған білімі еңбек өнімділігін арттыруға және техниканы оңтайлы басқаруға ықпал ететін болады.


Жаңалықтар тізіміне оралу