Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизорлар семинары

11.12.2023

«Богатырь Көмір» компаниясының қызметкерлері Аллия Зубрицкая мен Валентина Кириченко «Қауіпсіздік сақшылары» қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизорларды дамыту бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Бұл оқыту Астана қаласында «ҚТЖ «ҰК» АҚ ұйымдастыруымен өтті.

Курс кәсіби құзыреттілікті дамытуға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталды. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша мастер-классты компанияның ішкі жаттықтырушылары мен Ресей темір жолдары корпоративтік университетінің, Қазақстанның логистика және көлік академиясының сарапшылары жүргізді. Олар қатысушыларды бұзушылықтардың алдын алу және тәуекелдерді басқарудың жаңа құралдарымен таныстырды. Бағдарлама тек дәріс материалдары мен тексеру жұмыстарын құжаттау ережелерін ғана емес, сонымен қатар топтардағы практикалық тапсырмаларды да қамтыды. 

Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының ревизорлары алған білімдерін одан әрі күнделікті жұмыста қолданатын болады.

Бір айға созылған курс семинарға қатысушыларға сертификаттар табыстаумен аяқталды.


Жаңалықтар тізіміне оралу