Апгрейд

05.12.2023

Компанияның Автобазасы қайта жаңа техникамен толықтырылды. Бұл жолы АТЦ-3-ке жол талғамайтын көлік санатындағы жүк көтергіштігі 1000 кг дейінгі – УАЗ Патриот 4 бірлік  автомобильдері келіп түсті. Аталған көлік тау-кен және аршу учаскелерінде тау-кен шеберлерін кеніш ішінде тасымалдау үшін пайдаланылатын болады.

Жаңартылған салоннан басқа, бұл жол талғамайтын көлік құрал-саймандар мен жабдықтарды тасымалдауға арналған қосымша ашылатын НӨӘШ  бөлігімен (нөлдік өлшемді әмбебап шанақ) жабдықталған. Техникалық сипаттамалары бойынша УАЗ Патриот қол жетімді және сенімді автомобиль. Жиі көтерілу және түсумен кеніштегі қозғалыс 80 промильге дейінгі еңіспен жүзеге асырылады. Машинаның құрастырылымы ҚР  еңбек қауіпсіздігі және  өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары бойынша талаптарға сәйкес келеді. Оның осы үлгідегі бірінші буынынан айырмашылығы – бұл қауіпсіздігі мен технологиялығында. Техниканың артықшылығы оның керемет өтімділігі мен маневрлігінде; сыйымдылығы (бес адамға дейін тасымалдауға қабілетті) және кез келген климаттық жағдайда пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Сондай-ақ, иеленген автомобильдерден басқа, биылғы жылы Автобазаға кәсіпорынның техникасы мен жабдықтарын жаңарту бойынша инвестициялық бағдарлама шеңберінде бірқатар машиналар сатып алынғанын еске салғымыз келеді.


Жаңалықтар тізіміне оралу