Шыңды бағындырушылар

25.11.2023

«Богатырь Көмір» компаниясының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері «Алтын күз-2023» туристік слетінде өздерінің ептілігін және төзімділігін көрсете алды. Құзға шығу бойынша жарыс «Қайнар» ББК-да орналасқан кәсіби құзға шығу алаңында өтті. Қатысушылар төрт адамнан тұратын үш командаға бөлінді. Олардың әрқайсысы жарыстың үш кезеңінен өтті: жеке-командалық қашықтық, кросс-жорық және туристік эстафета.

«Богатырлықтардың» көбі алғаш рет осындай спорт түрінде өздерін сынап жатса да, жақсы дене даярлығы және өзін-өзі ақылмен ұстай білу оларға қажетті нәтижеге жетуге көмектесті. 

Жарыстың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін төрешілер қорытынды жасады:

Жалпы командалық есепте орындар келесідей бөлінді:

1 орын – «Форвард» командасы (Тұяқов Есен, Нұрлыбеков Жарас, Ақанов Алмаз, Ақботин Нұрбол);

2 орын – «Мықты қолдар» командасы (Кунафин Мақсат, Смаилов Дамир, Ботбаев Бекболат, Копишев Рүстем);

3 орын – «Ұшатын голландтық» командасы (Нұрлыбеков Мирас, Мұзапаров Досхан, Магдыч Виталий, Грабовский Богдан).

Сондай-ақ, спорттық-сауықтыру кешенінің нұсқаушылары қатысушылар арасында бөлінген жекелеген номинацияларды ұсынды:

«Ең тату команда» – «Форвард»;

«Ең спорттық команда» – «Мықты қолдар»;

«Ең позитивті команда» – «Ұшатын голландтық».

Әріптестерімізді лайықты орындарымен құттықтаймыз және әрқашан жеңіс бағытында жүруді тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне оралу