Қауіпсіздік мәдениеті

27.11.2023

«Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жоспарын орындау аясында «Богатырь Көмір» компаниясында «Жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру» - IOSH оқыту курсы бойынша төрт күндік семинар өтті. Оған кәсіпорынның бірінші басшылары мен жетекші мамандары қатысты.

Бұл курс халықаралық тәжірибелер негізінде әзірленді және оның мақсаты – өндірістегі қауіпсіздік мәселелерін кешенді шешуде озық стратегияларды қолдану. Осы бағыттағы тәжірибелік әрекеттер кәсіпорындағы қауіпсіздікті тиімді басқару үшін қажет.

Бағдарлама қауіпсіздікті бақылау бағдарламаларын, жұмыс орындарындағы тәуекелдерді сәйкестендіру мен бағалау жүйелерін әзірлеу және енгізу әдістерін терең зерттеуді, еңбекті қорғауды басқарудың әртүрлі кезеңдеріндегі жекелеген мәселелер мен қиындықтарды іздеуді және шешуді қамтиды.

Семинарда қаралған инновациялық әдістер мен технологиялар көмір өндіру саласының өндірістік үдерістерінің негізі болып табылатын қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.


Жаңалықтар тізіміне оралу