Жас шахтерлар

24.11.2023

«Богатырь» кенішінің ӘТК акт залында жұмыскерлерді шахтерлар қатарына қабылдау шарасы өтті. Ол 2023 жылдың тамызынан қарашасына дейін кәсіпорынға жұмысқа орналасқан жас мамандар үшін ұйымдастырылды. Ал компанияда мұндай жұмыскерлер саны – 37 адам. Қатысушыларды іріктеудің басты критерийі жас шектеулері болды – бұл 1992 жылға дейінгі бірден жұмысшы мамандықтарына қабылданған жұмыскерлер.

Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің бірінші басшылары мен бас инженерлері «Богатырь Көмір» - де жұмыс істеудің артықшылықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар, олар кәсіпорында спорттық және шығармашылық әлеуетті іске асыру үшін барлық жағдай жасалып жатқандығын ерекше атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы жастардың компанияның игілігі үшін жұмыс істеуге және техника қауіпсіздігінің барлық ережелерін қолдануға дайын екендігі туралы айтқан анты болды.


Жаңалықтар тізіміне оралу