Білімдерін жетілдіре түсті

23.11.2023

Циклдік-толассыз кешеннің қызметкерлері автоматтандырылған технологияны қолдану аясында білімдерін жетілдіруді жалғастыруда. Жұмыста қажетті бағыттардың бірі – «Simotion» бағдарламасында жұмыс істеу дағдылары. Ол жиілік түрлендіргіштерін байланыстыру мен басқаруға арналған және ЦТТ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетуге, ақауларды жою уақытын азайтуға және олардың санын кемітуге мүмкіндік береді.

Оқу-курстық комбинатының базасында осы курс бойынша ЦТТ инженерлік-техникалық құрамы үшін оқыту ұйымдастырылды. Бұны өткізуге Екатеринбург қаласынан Халықаралық техникалық инновациялар институтының маманы Андрей Вейнмейстер шақырылды.

Қазірде электр жабдықтарын баптау қызметінің алты қызметкері «Simotion басқару жүйелері» тақырыбында бес күндік курстан өтіп жатыр.

Жүйе дербес компьютерге негізделген қозғалысты басқарады, бұл бүкіл кешеннің жұмыс үдерісін оңтайландырады. Қызметкерлердің жаңадан алған білімдері ЦТТ-да техникаға қызмет көрсету кезінде тезірек бейімделуге септігін тигізеді.


Жаңалықтар тізіміне оралу